AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту ж...

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Алматы 04.10.2026, 18:08 387
Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты
Алматы әкімдігі

Шаһар басшысы Дархан Сатыбалды бүгін жол инфрақұрылымы нысандарын жұмыс барысымен аралағаны жайында инстаграм парақшасына жазды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Бүгін жол инфрақұрылымы нысандарын жұмыс барысымен аралап шықтым. Абай даңғылы мен Саин көшесін ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жұмыстарының барысымен, сондай-ақ қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен таныстым", деп жазды әкім.

Абай даңғылы мен Саин көшесінде жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сатып алынған жер телімдерін босату, инженерлік коммуникацияларды көшіру және жол төсемінің негізін салу жұмыстары жалғасып жатыр. Міндет – жыл соңына дейін көлік қозғалысын қамтамасыз ету.

Радиалды жолдарды ҮАААЖ-ға дейін ұзарту – Алматы мен агломерациясының көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызды бөлігі. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған.

"Сондай-ақ, қала ішіндегі жобаларды – Жұбанов көшесін, Солтүстік айналма жолды, Хмельницкий және Мұқанов көшелерін ұзарту жұмыстарын қарап шықтым. Бұл жобалар бойынша құрылыс жұмыстарын бастау үшін жер телімдерін сатып алу мен инженерлік желілерді көшіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырдым."

Қаланың өсіп келе жатқан көлік жүктемесін ескере отырып, жол желісін дамыту жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);