конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инф...

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

Әлеумет Бүгін 17:54 45
Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде
gov.kz

Инвестициялық жоба аясында 2029 жылдың соңына дейін жол бойында 60 заманауи сервис нысанын салу жоспарлануда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «PetroRetail» ЖШС-нің еліміз аумағында заманауи жол бойындағы сервис нысандарының желісін дамытуға бағытталған инвестициялық жобасын іске асыруға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

. Олардың құрамына автожанармай құю және электр қуатымен зарядтау станциялары, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер, TIR тұрақтары және қонақүйлер кіреді. Жобаны іске асыру жол бойындағы сервистің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ көлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Жобаны кеңейту аясында іскерлік белсенділігі жоғары орталықтарда, қалаларда және туристік маңызы бар локацияларда қонақүйлер салу көзделген. Бұл негізгі автомобиль бағыттарының бойында және перспективті туристік маршруттарда неғұрлым кешенді инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда 6 қонақүй нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жоба аясындағы алғашқы қонақүйлер 2025 жылғы 17 қыркүйекте Жамбыл облысының Меркі ауданында және 2025 жылғы 25 қарашада Қызылорда облысының Арал қаласында пайдалануға берілді. Жоба аясында соңғы пайдалануға берілген нысан – Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы қонақүй. Ол 2026 жылғы 15 маусымда жұмысын бастады.

Осылайша, жол бойындағы сервис желісін дамыту дәстүрлі автожанармай құю кешендерімен ғана шектелмей, жол қозғалысына қатысушыларға арналған толыққанды инфрақұрылымды қалыптастыруға бағыт алуда. Қонақүйлердің, тамақтану орындарының, дүкендердің, тұрақтар мен электр зарядтау станцияларының салынуы қауіпсіз әрі жайлы сапарға қажетті жағдай жасауға, сондай-ақ өңірлердегі іскерлік және туристік белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

Инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары жалғасуда. 2029 жылдың соңына дейін қалған нысандарды көлік қозғалысына деген сұранысты, туристік әлеуетті және тиісті аумақтардың әлеуметтік-экономикалық маңызын ескере отырып, кезең-кезеңімен салу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Байсерке аспаны – 2026»: авиациялық шоуға 10 мыңға жуық көрермен жиналды

Бүгін 18:00

ҚазҰУ-да жасанды интеллект саласындағы халықаралық симпозиум өтті

Бүгін 17:57

Құрылтай сайлауы туралы барлық ақпарат бір сайтта: Абай Сейфулла «Құрылтай LIVE» платформасын іске қосты

Бүгін 17:25

Үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді

Бүгін 17:20

Мектептің бір форманы міндеттеп, үйірме үшін ақша алуға қақысы жоқ

Бүгін 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);