Олжас Бектенов Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет үйінде Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы Еуразиялық даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі және Француз даму агенттігінің өкілдері қатысты.