AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энерге...

Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энергетикалық нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды

Экономика Бүгін 18:45 21
Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энергетикалық нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды
Сурет: primeminister.kz

 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ірі энергетикалық және өндірістік жобалардың қазіргі жай-күйімен танысып, әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Мемлекет басшысының Жолдауында 2029 жылға қарай қуат көзін артығымен өндіретіндей деңгейге жету стратегиялық міндет ретінде айқындалған. Осыған орай еліміздің энергетикалық дербестігін нығайту үшін стратегиялық маңызы бар жаңа генерациялық қуаттарды дамытуға ерекше назар аударылуда. 

Сайрам ауданындағы қуаты 1113,4 МВт «Түркістан» бу-газ қондырғысының құрылыс алаңына барған Нұрлыбек Нәлібаев оңтүстік өңірлердегі электр энергиясы тапшылығын азайтуға, жаңа генерациялық қуаттарды іске қосуға және тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жобаның маңыздылығына тоқталды.

Қазір құрылыс алаңындағы жалпы 2 455 адамның 2 281-і күндізгі ауысымда, 174-і түнгі ауысымда еңбек етеді. Негізгі технологиялық жабдықтар, атап айтқанда, газ және бу турбиналары, кәдеге жаратушы қазандықтар толық жеткізілген. Siemens компаниясының төрт газ турбиналық қондырғысы түгел монтаждалып, іргетасына орнатылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 62%, электр желілерін тарту 96% орындалған. Газ құбыры аяқталған. Жоба бойынша жеті ұңғыма қарастырылған. Қазіргі уақытта екі ұңғыма тәулігіне 960 текше метр су өндіруде. Стансаның алғашқы қуатын іске қосу үшін тәулігіне 240 текше метр су қажет. Сонымен қатар нысанға апаратын  3,1 шақырым кірме автожол пайдалануға берілген. 

«Бұл – Мемлекет басшымыздың бақылауындағы маңызды нысан. Құрылыс бұдан әрі кешікпей, айтылған мерзімде аяқталуы керек. Жыл соңында бірінші қондырғыны қосып, тексереміз, ал 2027 жылдың мамырында электр желілеріне 382 МВт, тамыз айында тағы 382 МВт энергия, қыркүйек айына жалпы 764 МВт-ы пайдалануға береміз дедіңіздер. Әрі қарай да жұмысты тездету керек, 2028 жылдың наурыз-мамыры деген межені мүмкіндігінше 2027 жылдың соңына дейін жеделдету, толық қуатына жеткізу қажет. Бұл алып станса іске қосылғанда өңірге, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысына электр энергиясын бере алады. Жұмыс қарқыны күшейгені көрініп тұр. Жыл басында 15% еді, қазір 62%-ға жеткен. Үкімет, әкімдік жан-жақты қолдау көрсетуде. Сіздердің міндеттеріңіз – жұмысты ұйымдастыру, берген уәдені орындау», — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Сапар барысында келесі нысан Түлкібас ауданындағы «Састөбе» инновациялық кешені болды.

Бұл – өңірдегі химия өнеркәсібін дамытуға және импортты алмастыратын өнімдер шығаруға бағытталған ірі инвестициялық жоба. Жылына 400 мың тонна әк, 100 мың тонна каустикалық сода, 120 мың тонна поливинилхлорид, 200 мың тонна кальций карбиді және 1 млн тонна цемент өндіреді. Өткен жылы әк өндіру желісі пайдалануға берілді. Қазір өнім отандық металлургия кәсіпорындары мен құрылыс материалдарын өндіруші компанияларға жеткізілуде.

Инвестициялық жобаның келесі кезеңдерін іске қосу мерзімі қаржыландыруға байланысты қайта жоспарланған. Мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты мемлекеттік органдарға қаржы көздерін қарастыру, инженерлік инфрақұрылым құрылысын аяқтау және инвестициялық жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асыруға қатысты тапсырмалар берілді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан #энергетика #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды «Medeu City» ТК тұрғындарымен кездесті

Бүгін 18:40

Серік Жұманғарин мен Борис Титов Орнықты даму мақсаттарын ілгерілету мәселесін талқылады

Бүгін 18:31

Абай университетінде Халықаралық монтессори саммиті өтті

Бүгін 18:26

20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні

Бүгін 18:00

«Тәрбие баспалдағы»: ата-ана, мектеп және бала арасындағы байланысты нығайтқан форум

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);