AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Президент ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енг...

Президент ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізудің маңызын айтты

Экономика Бүгін 15:46 16
Президент ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізудің маңызын айтты
Ақорда

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін цифрлық сауда алаңдарының, банктер мен логистикалық компаниялардың мүмкіндіктерін ауыл тұрғындары мен шаруаларға қолжетімді ету қажет. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жұмыс орындарының сақталуы

Президенттің айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасына бүгінге дейін 150 миллиард теңге бөлініп, соның нәтижесінде ауылдарда 22 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Алайда Мемлекет басшысы бұл жұмыс орындарының қазіргі уақытта сақталған-сақталмағанын анықтау қажеттігін атап өтті.

– Енді осы жұмысты тиімді ұйымдастырып, өнімдерді тұтынушыға жеткізу жолын айқындайтын нақты келісімшарттар жасау керек. Жалпы, шағын шаруашылықтары бар аудандарда өнімді қабылдайтын және сақтайтын орталықтар құру қажет. Мұндай инфрақұрылым барлық өндірушіге бірдей қолжетімді болуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Цифрлық технологиялардың маңызы

Сонымен қатар Президент ауыл шаруашылығына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізудің маңызын айтты. Ол Солтүстік Қазақстандағы «Ақселеу» шаруашылығын мысалға келтірді.

Аталған шаруашылықта өндірісті цифрлық басқару, жер серігі арқылы бақылау жүйелері енгізіліп, есеп жүргізу автоматтандырылған. Кәсіпорын ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға да үлес қосып келеді. Атап айтқанда, тұрғындар орталықтан жылыту жүйесімен және таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Шаруашылық мектепке, спорт кешеніне және басқа да әлеуметтік нысандарға қолдау көрсетеді.

Цифрландырудың әсері

Мемлекет басшысының пікірінше, цифрландыру ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға да ықпал етеді.

Сондықтан Президент басқа да шаруа қожалықтарын осындай цифрлық мүмкіндіктерді өз өңірлерінде пайдалануға шақырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ауыл шаруашылығы #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға ЮНИСЕФ-тің өңірлік директорының орынбасары келді

Бүгін 16:29

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 16:21

Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек

Бүгін 16:15

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша арнайы комиссия жұмысын бастайды

Бүгін 16:15

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);