AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда мал шаруашылығын қолдау шаралары кеңей...

Қазақстанда мал шаруашылығын қолдау шаралары кеңейтіледі

Экономика Бүгін 15:45 16
Қазақстанда мал шаруашылығын қолдау шаралары кеңейтіледі
Аlmaty.tv

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында мал шаруашылығын дамыту, жаңа өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және ветеринария саласын жаңғырту мәселелеріне тоқталды. Президент шаруашылықтарды жем-шөппен, су көздерімен қамтамасыз ету, жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіру және мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейту қажеттігін айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мал шаруашылығына қолдау

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекет мал шаруашылығына нақты қолдау көрсетіп келеді. Кейінгі жылдары осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлерге несие беру көлемі ұлғайып, асыл тұқымды мал сатып алуға басымдық берілген. Сонымен қатар жаңа фермалар мен бордақылау алаңдары салынып жатыр.

Мәселен, былтырдан бері 71 тауарлы сүт фермасы іске қосылып, 33 бордақылау алаңы салынған. Ендігі міндет – осы өндіріс орындарының тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау.

– Шаруашылықтарды сапалы жем-шөппен қамтамасыз еткен жөн. Дайын өнімді өткізу мәселесі де шешімін табуға тиіс. Жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіруге және егістік көлемін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлген абзал. Су көздері де шаруа қожалықтары үшін қолжетімді болуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Ветеринария саласын жаңғырту

Президент ветеринария саласын жаңғыртуға да айрықша мән беру қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұйғарымына сәйкес, Қазақстан ящур ауруынан таза аймақ ретінде танылған. Бұл отандық ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

– Соны тиімді пайдалану керек. Мал басын есепке алу жүйесін жетілдіріп, зертханалық диагностиканың сапасын арттыру қажет. Үкімет өнімдерді экспортқа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент ауыл шаруашылығына кредит берудің жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мал шаруашылығы #Ауыл шаруашылығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға ЮНИСЕФ-тің өңірлік директорының орынбасары келді

Бүгін 16:29

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 16:21

Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек

Бүгін 16:15

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша арнайы комиссия жұмысын бастайды

Бүгін 16:15

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);