AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан зейнетақы жүйесі әлемде 8-орынға шықты

Қазақстан зейнетақы жүйесі әлемде 8-орынға шықты

Экономика Бүгін 10:15 97
Қазақстан зейнетақы жүйесі әлемде 8-орынға шықты
Аlmaty.tv / Виталий Фатчев

Қазақстанның зейнетақы жүйесі Marsh CFA Institute Global Pension Index 2026 халықаралық рейтингінде ұзақ мерзімді орнықтылық көрсеткіші бойынша әлемнің үздік ондығына енді. Бұл бағытта еліміз 74,4 балл жинап, 55 мемлекеттің арасында сегізінші орынға тұрақтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған көрсеткіш зейнетақы жүйесінің болашақта төлемдерді қамтамасыз ету мүмкіндігін бағалайды. Бұл ретте зейнетақы активтерінің көлемі, жүйемен қамтылған жұмыскерлердің үлесі, халықтың қартаю қарқыны және демографиялық өзгерістер ескеріледі.

Ал рейтингтің жалпы қорытындысы бойынша Қазақстан 64,8 балл жинап, 29-орынға ие болды. Еліміздің зейнетақы жүйесіне С+ бағасы берілген.

Халықаралық зерттеу әр елдің зейнетақы жүйесін үш негізгі бағыт бойынша бағалайды. Олар – зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі, жүйенің ұзақ мерзімді орнықтылығы және оны реттеу мен басқару сапасы. Сарапшылар 50-ден астам көрсеткішті негізге алады.

Зерттеуде Қазақстанның зейнетақы жүйесін реттеу және басқару бағытына да баға берілген. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз 83 балл жинаған. Бағалау кезінде зейнетақы жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, азаматтарды ақпараттандыру және зейнетақы жинақтары туралы мәліметтердің қолжетімділігі ескерілген.

Сарапшылар Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесіне де талдау жасаған. Ол мемлекеттік зейнетақы төлемдерін, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің міндетті жарналары есебінен қалыптасатын жинақтарды, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын қамтиды.

Зерттеуде Қазақстанның басым тұстары ретінде жұмыскерлерді зейнетақы бағдарламаларымен кеңінен қамту, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және ақпараттандыру жұмыстары аталған.

Айта кетейік, алдыңғы зерттеуде Қазақстанның жалпы көрсеткіші 65 балл болған. Ал 2026 жылғы рейтингте бұл көрсеткіш 64,8 баллды құрады.

Зерттеу нәтижелері еліміздің зейнетақы жүйесі ұзақ мерзімді орнықтылық бойынша жоғары бағаланғанымен, зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі мен өзге де бағыттарды одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #зейнетақы #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық кодексіне енгізілген екі жаңа түзету Жобалық кеңсенің отырысында мақұлданды

Бүгін 15:30

Президент ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларына талдау жүргізуді тапсырды

Бүгін 15:30

Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасының міндеттерін жариялады

Бүгін 15:15

Мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту қызметі кеңейтілді

Бүгін 15:00

Алматы декларациясының 35 жылдығына халықаралық жиын өтті

Бүгін 14:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);