AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Олжас Бектенов Ақтөбе облысының өңдеу өнеркәсібіні...

Олжас Бектенов Ақтөбе облысының өңдеу өнеркәсібінің дамуымен танысты

Экономика Бүгін 16:45 60
Олжас Бектенов Ақтөбе облысының өңдеу өнеркәсібінің дамуымен танысты
Сурет: primeminister.kz

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты мен жүнді терең өңдейтін KazFeltec кәсіпорнын мысал ете отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Отандық өндірісті кеңейтуге, қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыруға назар аударылды.

Өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов баяндады. 10 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асып, 8,2%-ға өсті. Тікелей шетелдік инвестициялар екі есеге – $357,2 млн-ға дейін өсті. Өңірде энергетика, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және тағы да басқа салалардағы жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ 400 млрд теңге инвестиция тартуға және 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін арнайы экономикалық аймақ құру пысықталуда.

Ақтөбе қаласында Премьер-министр «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-ның өндірістік цехтарын аралап көрді. Кәсіпорынды дамытуға 7,4 млрд теңге инвестицияланған. Жылына 100-120 мың тонна өнім өндіретін зауыт сорғы-компрессорлық және шегендеу құбырларын, бұрқақ арматурасын, ысырмалар, жылу алмастырғыштар және басқа да мұнай-газ жабдықтарын шығарады. Осы жылдың тоғыз айында шегендеу құбырларын шығару 31,4%-ға, яғни 14,1 мың тоннаға, басқа да мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын шығару 7,4 мың тоннаға дейін өсті (2025 жылдың ұқсас кезеңінде – 179 тонна). Өнімдер ішкі нарыққа бағытталған және импортты алмастыруға ықпал етеді. 

Үкімет жетекшісіне орта және жоғары қысымды клапандар мен ысырмалар шығаратын төртінші цех салу қарастырылған өндірісті кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы баяндалды. Инвестиция көлемі – 700 млн теңге, іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Одан бөлек, 2 млрд теңге инвестиция көзделген құю әдісімен металл дайындамалар мен бөлшектер өндіру зауытының жобасы пысықталуда.

Олжас Бектенов сондай-ақ «KazFeltec» ЖШС-ның жүнді терең өңдеу және тоқыма емес материалдар өндірісінің технологиялық процесімен танысты. Зауыт директоры Ерлан Жаңабергенов жоба 2025 жылы жеке инвестициялар мен Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдау есебінен жүзеге асырылғанын баяндады. Салынған қаражаттың жалпы көлемі 5,3 млрд теңгені құраған. Кәсіпорында 2,2 мың тоннаға дейін дайын өнім шығару үшін жылына 3,6 мың тоннаға дейін жүн өңдеуге мүмкіндік беретін италиялық CORMATEX компаниясының жабдығы орнатылған. 50 жұмыс орны құрылды.

Зауыт құрылыста, жиһаз жасау және тағы да басқа салаларда қолданылатын табиғи қой жүнінен жасалған жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар шығарады. Бүгінде кәсіпорын шикізатты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының шаруа қожалықтарынан сатып алып отыр, бұл ауыл тұрғындарына өнімін өткізетініне кепілдік беріп, табыспен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта өнім ішкі нарықта сатылуда, болашақта экспортқа шығу қарастырылған.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысының әкімдігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, отандық өндірісті кеңейтуге, шикізатты қайта өңдеуді тереңдетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, инвесторларға қажетті жәрдем көрсетуді және өндірістік қуаттарды іске қосу мерзімдерін сақтауды тапсырды. 

Жалпы, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша өңдеу өнеркәсібін дамыту жаңа өндірістерді іске қосу және отандық өнім номенклатурасын кеңейтумен қатар жүруде. Осы жылдың 10 айында өндіріс көлемі 9,3%-ға өсті. Жыл басынан бері 900 млрд теңгеге 125 жоба іске қосылды. Шикізатты қайта өңдеуді тереңдетуге, автомобиль және теміржол машиналарын жасауды дамытуға, сондай-ақ салалық кластерлерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтөбе #өндеу өнеркәсібі #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды «12 месяцев» кешеніндегі тұрғындардың шағымдарын бақылауға алды

Бүгін 17:33

Алматыда жедел жәрдем және емханалардың мобильді бригадаларына 468 смарт-бейнежетон табысталды

Бүгін 17:12

Қазақстанда шетелдік университеттердің жаңа кампустары ашылады

Бүгін 16:31

В вирустық гепатиті: өмірдің алғашқы тәулігінде салынатын екпе неліктен аса маңызды?

Бүгін 16:17

Олжас Бектенов Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын тексерді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);