AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Президент ауыл шаруашылығына кредит берудің жаңа т...

Президент ауыл шаруашылығына кредит берудің жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды

Экономика Бүгін 15:45 16
Президент ауыл шаруашылығына кредит берудің жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды
Ақорда

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды қаржыландыру, шаруаларға кредит беруді жеңілдету және сақтандыру жүйесін дамыту мәселелеріне тоқталды. Президент Үкіметке инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін әзірлеуді, екінші деңгейлі банктерді ауыл шаруашылығын кредиттеуге белсенді тартуды және цифрлық технологияларды енгізуді тапсырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Агросекторға қаржыландыру көзі қажет

Президенттің айтуынша, агросекторға қолжетімді әрі ұзақмерзімді қаржыландыру көзі қажет. Қазір Аграрлық кредиттік корпорация мен «ҚазАгроҚаржының» инвестициялық құралдары бойынша өтінімдерді қарау ұзаққа созылады, рәсімдеу тәртібі күрделі, ал цифрландыру деңгейі жеткіліксіз.

Осыған байланысты Үкіметке «Бәйтерек» холдингімен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін ұсыну міндеттелді.

– Агросекторға қолжетімді әрі ұзақмерзімді қаржыландыру көзі қажет. Бұл жөнінде бірнеше мәрте айттық, – деді Мемлекет басшысы.

Екінші деңгейлі банктердің рөлі

Сондай-ақ Президент екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығын кредиттеуге белсенді атсалысуы керегін атап өтті. Оның сөзінше, шаруаларға қарыз қолайлы шартпен және ұзақ мерзімге берілуі керек. Бұл ретте төлем кестесінде нақты өндіріс циклі ескеріліп, инвестициялық кезеңде негізгі берешекті өтеуді кейінге шегеру мүмкіндігі қарастырылғаны жөн.

Мемлекет басшысы фермерлердің кредиттің алғашқы төлемін жабу үшін өнімін жинай сала арзан бағаға сатуға мәжбүр болатынын да айтты.

– Қаржы көздеріне қолжетімділік туралы түсінікте де айырмашылық болмағаны жөн. [...] Бөлінген қаражат мақсатқа сай тиімді жұмсалуы керек, – деді Президент.

Цифрлық модель енгізу

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржыландыруға өтінім беруден бастап қаражатты алуға дейінгі рәсімдерді оңтайландыру қажеттігін де атап өтті. Ол шаруалардың кредитті өтеу қабілетін бағалайтын цифрлық модель енгізуді ұсынды. Мұндай құрал кредит беру туралы шешімнің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, өтінімдерді қарау мерзімі мен әкімшілік кедергілерді қысқартуға тиіс.

Президент ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізу саланың өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Оның пікірінше, Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, әлемдік азық-түлік қорын қалыптастыруға үлес қоса алады.

– Жалпы, бізге жасанды интеллект ауыл шаруашылығының өнімділігін еселеуге қалай көмектесетінін зерделеу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Агросақтандыру жүйесін жетілдіру

Бұдан бөлек, Үкіметке халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға арналған арнайы бағдарлама әзірлеу тапсырылды. Құжатта ұзақмерзімді шартпен қаржы тарту, техникалық және сараптамалық қолдау көрсету, заманауи технологиялар мен озық ғылыми әзірлемелерді енгізу тетіктері қамтылуға тиіс.

Президент агросақтандыру жүйесін жетілдіру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қуаңшылық, үсік пен мал ауруы шаруалардың жылдар бойы атқарған еңбегіне залал келтіруі мүмкін. Ал шығынды үнемі бюджет есебінен өтеу мәселені түбегейлі шешпейді.

– Сондықтан Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп аталған нарықты дамыту жөнінде нақты ұсыныстар беруі керек. Сонымен қатар шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар қарастыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізудің маңызын айтты

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ауыл шаруашылығы #кредит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға ЮНИСЕФ-тің өңірлік директорының орынбасары келді

Бүгін 16:29

Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент

Бүгін 16:21

Тоқаев: Азаматтардың тұрмыс сапасы шенеуніктердің көңіл күйіне тәуелді болмауы керек

Бүгін 16:15

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша арнайы комиссия жұмысын бастайды

Бүгін 16:15

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);