конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨКЖИЕГІ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨКЖИЕГІ

Әлем 06.06.2022, 04:43 1,294
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  КӨКЖИЕГІ
Сурет: Еgemen.kz

Қазақстан мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа – 30 жыл!


Бүгін, 6 маусым – Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығындағы айтулы күн – екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың  орнағанына 30 жыл толып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазіргі таңда Қазақстанда Норвегия капиталының қатысуымен 17 кәсіпорын жұмыс істейді. Еліміздің экономикасына Корольдік тарапынан құйылған инвестициялар көлемі 164 млн доллар құрайды.



Норвегия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды әріптестерінің бірі. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде мемлекеттеріміз арасындағы сындарлы саяси диалог серпінді дамып, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық өрісі айтарлықтай кеңейді.



Елдеріміз халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұқсас ұстанымда және БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықта. Екі мемлекет халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де елеулі үлесін қосуда. Атап айтқанда, Корольдік Қазақстанда Атом энергиясы халықаралық агенттігінің қамқорлығымен Төмен байытылған уран халықаралық банкін құруды қолдаған мемлекеттер тобына қосылып, осы халықаралық бастаманың донорларының біріне айналған.


Екі тарап экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында кешенді жұмыстар атқаруда. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 85 млн. АҚШ долларын құраған тауар айналымын жақын келешекте еселеу жоспары тұр.



Тараптар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға үлкен мән берілген. 2002 жылы ЮНЕСКО мен Норвегия мәдени мұра директораты бірлесіп Таңбалы петроглифтерін меңгеру, сақтау және таныстыру жобасын іске асырған болатын. Нәтижесінде, 2004 жылы петроглифтер ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.



Қазақстан мәдениетін әлемге паш ету жұмыстары аясында екі ел арасындағы ынтымақтастық тарихында алғаш рет Абайдың таңдаулы поэзиясы мен «Қара сөздері» норвег тіліне аударылып, шығарылды.


Екі елдің үкіметтері әлеуеті мол Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығын одан әрі тереңдету және өзара тиімді әріптестіктің жаңа көкжиектерін игеру мақсатында бірлескен жұмыс аясын кеңейтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Норвегия #дипломатия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);