Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Үт амалы» келе жатыр

«Үт амалы» келе жатыр

Керек кеңес 16.02.2024, 05:18 1,382
«Үт амалы» келе жатыр
almaty-akshamy.kz

«Үт амалы» ақпанның 20-сынан басталып 25-іне дейін созылады


...Ақпан алдамшы. Бір бүйіріңді қыздырса, екінші бүйіріңді мұздатады. Бір қолымен маңдайдан сипап, екінші қолымен маңдайдан шертеді. Ақпан –тұрақсыз: кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады. Оның бұрқасынды да, шуақты күндері алма-кезек. Қаңтарда бұрқасын, боран тәулік бойы соқса, ақпанда түнде, таң алдында соғады. «Жақсылығына барса – құт, жамандығына барса – жұт» айы.



Ақпан борандайды, келер наурыз – жылауық. Ақпан айының аяғында аяз айылын жиып, қыстың қаһары қайтады. «Ақпанда күн ат адым ұзарады». Кешкісін аспанда жұлдыз быжынап көрінсе, қыстың ұзаққа созылуы мүмкін. Қырау түспей, күн желді болса, боран соғады. Жұлдыз жымыңдаса, боран соғады, жарқыраса аяз тұрады, күңгірттенсе күн жылырақ болады. Мұздақ қар Қарағаш бұтағына жабысып түспесе, күн суытады. Салқын және ылғалды болса, келер тамыз – ыстық болады. Ауа райы ашық болса, жаз қуаң болады. Жер көлкілдеп, ылғал молайса, жазда жердің оты молаяды. Дала қарлы болса, келер жазда жер нәрлі. Алқап қалың қар жамылса, көкекте көл суға толады. Ақпанның он бесінші жұлдызы – қыс пен көктемнің алғаш ұшырасатын күні. Бұл күнгі ауа райы қандай болса, көктем райы да сол тақылетті болмақ. Екі аралықта қар жауса, көктем жаңбырлы болады... Міне, қазақы пайым осылай тәптіштейді.



Бұл болжамға қосарымыз, өткен жолы жазғанымыздай ақпан амалы көп ай. Тіпті, кейде екі амал қабаттасып келеді. Содан да болар, бұл айдағы ауа райын «түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз» деген бұрынғылар.


Айдың 17-сінен бастап бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршігі аралас сырғақ жүреді, қатты боран соғады, сол кезде қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады, мұны атақты«Бөрі сырғақ» дейді. Бұл аласапыран амал бір аптаға созылады.


Ақпандағы қауіпті саналған амалдардың бірі – «Үт амалы». Ол да кезегін күтіп тұр. 20-сынан басталып, айдың 25-іне дейін созылады. «Үт» сөзінің қайдан шыққаны туралы әртүрлі әңгіме бар. Біреулер  қазақтар ілгеріде сиырды «үт» деп атаған десе, енді біреулер киіз үйдің саңлауынан түскен сәулені «үт» деген деседі.



Ауа райы ерекшелігі: қар ерігенмен, қатты қасат қар ерімейді. Сиырлар осы мезгілде жатпай, бір-бірін сүзгілеп, сықырлап жүріп алатын болған. Амалдың «сиыр» аталуына осы көрініс себеп болған сыңайлы. Тереңірек ойлап, зерделесек, саңлаудан түскен сәуле мен сиырдың теңселіп жүруі амалдың келгенін ғана білдіретін көрініс. Негізі қазекең «үт» деп саңлаудан түскен сәуленің ішіндегі қозғалып жүрген есепсіз тозаңды айтқан. Ол күннің жылынатынын, табиғаттың өзгеретінін, шуақты күндердің жақын екендігін білдіретін тозаң. Бұрынғылардың «Үт келді, құт келді» деп масаттануының да, осы мақалдың шығуының да себебі осы болса керек.



Қолданыстағы күнтізбе бойынша айдың басталғанына бүгін 2-ші күн. Сөз етіп отырған аптамыз айдың басы мен ортасына сәйкес келіп тұр. Бұл ауа райында болатын өзгерісті аңғартса керек. Алдағы аптада ауа райы тұрақсыз болатын сыңайлы: ашық күн де, жауын-шашын да көрініс беруі ғажап емес. Бірақ таңертең және түнге қарай айтарлықтай суық орын алады, жалпы алғанда, ызғарлы күндер көрініс береді...


 


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Ақпан айының соңғы аптасына жасалған жорамал:


*Қыс қарсыз болса, жаз қуаң болады.


*Жер көлкілдеп, ылғал молайса, жазда жер отты.


*Дала қарлы болса, келер жазда жер нәрлі болады.


*Алқап қалың қар жамылса, көкекте көл суға толады.


*Екі аралықта қар жауса, көктем жаңбырлы болады.


 




 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақпан #Амал #Боран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика