Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Үркер мен Ай жақын келсе не болады?

Үркер мен Ай жақын келсе не болады?

Керек кеңес 07.09.2023, 08:10 1,818
Үркер мен Ай жақын келсе не болады?
supercoolpics.com

«Жылауық» мизам айының (қыркүйек) алғашқы аптасының бүгін соңғы күні. Айдың басында жаңбыр болмағанымен, екісінен бастап аракідік нөсерлетіп тұр. Күн әлі ыстық қалпын сақтауда. Дегенмен, күн өткен сайын салқындық белең алып келеді.


Бабаларымыз күн мен айдың қимыл- әрекетіне қарап сол жыл мен сол айда және сол күні болатын ауа райындағы өзгерістерді болжай білген. Бұл болжамдар қазірге дейін тұрмыс- тіршілігіміз бен өндіріс жағдайы үшін пайдаланылып келеді.


 


Бұл үшін әр айда болатын айдың тоғауын бақылап, есептеп отырған. Ай тоғауы, нақтылап айтқанда, әр айдың әр аптасына тұспа-тұс келіп отырған. Айталық қаңтардың 11-күні, ақпанның 9-күні, наурыздың 7-күні, көкектің 5-күні, мамырдың 3-күні, маусымның 1-күні, шілде де үркер жерге түсіп, содан кейін тамыздың 21-күні, мизамның 19-күні, қазанның 17-күні, қарашаның 15-күні, желтоқсанның 13-күні болады.


Айдың тоғысы кезінде үркер мен ай бір-бірінен алыс болса, «бұл екеуі бір-біріне қырғиқабақ болған екен, қырсығы мал мен жанға тимесе игі еді» деп қауіптенген. Егер үркер мен ай жақын келсе, «бұл екеуі жараса қалған екен, мал мен жанның жағдайы жаман болмас» деп жақсылыққа жорыған. Қазақ есепшілері төбедегі айдың қайсы ай екенінен жаңылса, тоғыс есебі арқылы үркерді бақылап, үркер мен айдың тоғауына қарап сол айды айырып алатын болған.


Өткен пайымдарымыздың бірінде мизам келмей күз басталмайтынын, күн суытпайтынын айтқанбыз. Сол амал, міне, григориан күнтізбесі бойынша жақындап келеді. Амал кыркүйек айының он-он бесінен басталады. Күн бұрынғыдан да ыси түседі. Мұндай мамыражай мезгілді мизам шуақ деп атайды.


Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін қыркүйек- тің – 7-сі. Ай есебімен – 21-і. қазақша болжамға сүйенсек, 7 күннен кейін жаңа ай туады. Енді бірте-бірте таң суып, сосын түн суыта бастайды. Апта ішінде көкті бұлттар торлап, жаңбыр жаууы, күн салқындауы, екпінді жел орын алуы мүмкін. Бірақ бұл әлі күз келді деген белгі емес. Алда әлі өз кезегімен келетін «Мизам шуақ», «Кемпір шуақ» амалдары бар...


 


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үркер #мизам #қыркүйек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика