Туберкулездің алдын алу айлығы: Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Туберкулездің алдын алу айлығы: Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы толығырақ Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай ұйымдастырылған айлықтың басталуына арналған Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы «Фтизиопульмонология орталығының» мониторинг және бағалау орталығының жетекшісі Сәулеш Әуезова мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz


Соңғы 10 жылда қалада туберкулезге шалдығу көрсеткіші 60,5%-ға, ал өлім-жітім деңгейі 82,7%-ға төмендеген. 2024 жылы сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға, ал өлім-жітім 10%-ға азайды.

«Жыл сайын қалада 484-тен аспайтын жаңа туберкулез жағдайы тіркеледі. Ауру жұқтырғандардың 30%-дан астамы қауіп тобындағы адамдар – қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары бар науқастар, ұзақ мерзімді гормоналды терапия қабылдайтындар, АИТВ жұқтырғандар, сондай-ақ алкоголь мен есірткіге тәуелді азаматтар. Сонымен қатар, науқастардың шамамен 8%-ын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар құрайды», – деп атап өтті Сәулеш Әуезова.

Диагностика мен емдеуге келсек, Алматыда озық технологиялар қолданылады. Қалалық зертханада туберкулезді небәрі 1,5–2 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар бар. Сондай-ақ, Xpert MTB/XDR аппараттары орнатылған жоғары технологиялық зертханалар жұмыс істейді, олар туберкулезге қарсы препараттарға төзімділікті 90 минут ішінде анықтай алады. Үш қалалық емханада G-Xpert ПТР аппараттары жұмыс істейді, бұл молекулалық-генетикалық диагностикамен қамтуды 32,2%-ға арттырды.

Жаңа препараттарды енгізу есебінен дәріге төзімді туберкулезді емдеу ұзақтығы 18–24 айдан 6–9 айға дейін қысқарды. Сонымен қатар, Алматыда BPaLM режимі бойынша «Претоманид» препараты қолданылатын пилоттық жобалар жалғасуда. Қазіргі таңда 91 науқас осы бағдарлама аясында ем қабылдауда, олардың 48-і терапияны сәтті аяқтады.

Әлеуметтік қолдау мен алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы амбулаториялық ем қабылдайтын 963 пациентке 197,8 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, пациенттердің 57%-ы дәрі-дәрмектерді қашықтан, бейнебақылау арқылы алады. Әйелдер мен балаларға, қарттар мен қозғалысы шектеулі пациенттерге арналған арнайы мобильді топтар дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізеді.

«2023 жылдан бастап қала әкімдігі туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға қатысатын үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөле бастады», – деді С. Әуезова.

Профилактика шараларына да басымдық берілуде. Жыл сайын 600 мыңнан астам ересек адам мен 116 мың бала скринингтен өтеді. 2024 жылы алдын алу емімен қамту деңгейі ересектер арасында 96,6%-ды, балалар арасында 94,3%-ды құрады.

Медициналық көмектің сапасын бақылау және дәрігерлердің біліктілігін арттыру бағытында да жұмыстар жалғасуда. 2024 жылы медициналық ұйымдарға 188 мониторинг жүргізіліп, 2100-ден астам дәрігер туберкулезді диагностикалау мен емдеу әдістері бойынша оқудан өтті. Сондай-ақ, қала «Zero TB cities» жаһандық бастамасы мен «Қазақстанда туберкулезге тоқтау» ұлттық бағдарламасы аясында халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатуда.

«Туберкулезбен күреске үлес қосып жүрген барша азаматтарға, оның ішінде халықты ақпараттандыруда белсенді рөл атқаратын БАҚ өкілдеріне алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті Сәулеш Әуезова.

Сөзінің соңында сарапшы қала тұрғындарын «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы саламыз, әрекет етеміз» ұранымен өтетін айлық аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:27

17:16

16:52

16:34

16:33

15:54

15:53

15:20

15:17

15:01

14:55

14:43

14:28

14:24

14:17

14:12

14:03

13:37

13:32

12:44

12:29

12:20

12:13

12:02

11:54