Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Тіл білгеннің заманы

Тіл білгеннің заманы

Керек кеңес 16.11.2021, 12:25 2,379
Тіл білгеннің заманы
Сурет: Focus.ua

Тіл үйрену - заман талабы


Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз заманында 70 тілді емін еркін меңгерген деседі. Хақымызда  «бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың» деген сөз бар. Тегі дөп айтылған. Расында, қазіргі таңда көп тіл меңгерген адамдардар сұранысқа ие болуда. Олар әлемді кезеді. Бір жағынан теориялық тұрғыда алған білімдерін, тәжірбиелік мақсатта жетілдіреді. Осылайша бір оқпен екі қоян атады. Бұл да болса, заманның адам баласына берген мүмкіндігі іспетті.


Тіл білудің маңызы зор. Бүгінгі таңда көп тілдерді игеріп, нәпахасын тауып жүргендер қатары артқан. Ғалымдар полиглот болуға қызығуды жөн көреді. Неге десеңіз? Өйткені, тіл біліп оны жақсы меңгергеніңіз өзіңізге жақсы. Дейтұрғанмен, оны кәдеге жарату – нұр үстіне нұр болар еді.  Бір жағынан уақыттың талабы осы. Екінші бір қырынан, алғанда адамның ойлау қабілетін арттыратын көрінеді. Себебі, сіз ойланған кезде ми құрылысының қатпары қозғалатын көрінеді. Соның нәтижесінде, сергектік пен жылдам ойлану сынды дағдылар қалыптаспақ. Егерде осының бәрін өз ретімен, жөн-жоралғысымен пайдалана алсаңыз, үлкен жетістіктерге жетудің баспалдағы болмақ.


...Кәсіптің көзіне айналдыру. Дүниежүзінде тіл үйреніп оны кәсіпке айналдырғандар көп болған. Кирилл Стасевич «Шет тілін білу кез келген жаста зерек ойлауға пайдасын тигізеді» дейді. Сөзінің жаны бар. Мәселен, сырт жаққа барсаңыз, міндетті түрде сол мемлекеттің тілін игеруіңіз шарт. Өйтпесеңіз аш қаласыз. Тіпті, нан сұрап жей алмауыңыз мүмкін. Себебі, қажеттілік солай. Мысалы, АҚШ бардыңыз. Сонда жұмыс жасағыңыз келді. Ағылшын тілін білу шарт. Онсыз қимылдай алмайсыз. Қимылдамақ түгілі су сатып алу мұң болмақ. Егер де аз-аздап болсын білсеңіз, әрмен қарата дамыту жеңілдей түспек. Сол себепті де біртіндеп үйренген абзал.


Кәсіптің көзіне айналдыру дегеніміздің бір сыры осында жатыр. Ал өз еліңізде жүрсеңізде пайда әкеледі. Біртіндеп, өзіңіз білетін ағылшын, француз, түрік тілдерінен дәріс өткізуіңізге болады. Қазір осылай репититор болатындар саны артуда. Себебі, олар осының кілтін тапты. Тіл игерді, одан қаражат табудың жолын білді. Сөйтіп, өз-өзін асырауға кірісті. Бұл да болса заманның талабы.


Түйін. Бұрынғы заман келмеске кетіп, жаңа әлемнің есігін ашып жатқандаймыз. Жастарымыз қиыннан қиыстырып, түркі халқының тіл семьиясына жатпайтын, қытай, жапон, немісті үйренуде. Қарап зер салсаңыз, үшеуі үш түрлі. Бір біріне ұқсамайды. Соған қарап, адамзаттың бүгінгі қоғамға деген ойы өзгергендігін байқаймыз. Бәлкім, мұны адам баласының замнның ығын білгендігі деп түсінсек артық болмас. Тіл үйреніп, оны кәдеге жаратқандар, бәрінен озғандар десек қателеспейміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тіл #үйрену #заман #Сұраныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

№2 мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырылды

Бүгін 12:53

Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284 млн теңгеге жуық берешегін анықтады

Бүгін 12:42

Алғыс айту күні: Алматыда зағип жандарға тегін көз тексерісі ұйымдастырылды

Бүгін 12:23

Жыр алыбына тағзым: Жамбыл рухы жаңғырған кеш

Бүгін 12:08

Алматыда Еріктілер жылы – 2026 салтанатты түрде ашылды

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі