Ал тауықтың сан етінің бағасы 23%-ға өскен.
Бірақ Қазақстанда құс етін өндіру артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстанда 8,3 мың тонна жаңа немесе салқындатылған құс еті өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,5 пайызға артық. Мұздатылған құс етін өндіру бір жылда 9,7 пайызға өсіп, 11,6 мың тоннаны құрады.
Өңірлік тұрғыдан алғанда, Ақмола облысы жаңа сойылған немесе салқындатылған құс етін өндіру бойынша көшбасшы болып тұр: 2,9 мың тонна. Үздік үштікке Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстары да кірді.
Мұздатылған құс етін өндіру бойынша Алматы облысы көш бастап тұр: 5,7 мың тонна. Екінші және үшінші орында Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.
Жалпы алғанда, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізде 110,3 мың тонна салқындатылған және 127,4 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 100,5 мың және 112 мың тонна болған.
2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, жергілікті кәсіпорындар құс етіне және тағамдық жанама өнімдерге деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспортты қосқанда) (2020 жылдың осы кезеңінде 56,3% болған) 62,6%-ға қанағаттандыра алды. Импорттың үлесі 37,4 пайызды құрады. Қазақстан 168,5 мың тонна «ақ» етті импорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,6%-ға аз.
Ішкі нарықтағы сату бір жылда 5,2%-ға өсіп, 426,5 мың тоннаны құрады.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауда нүктелерінде тауықтың құны жылына 17,2%-ға өсіп, келісі 1,1 мың теңгеге, тауықтың аяқтары – бірден 22,8%-ға, келісі 958 теңгеге дейін өсті.
Тауық еті Шымкентте бір жылда бірден 35,2%-ға айтарлықтай қымбаттады. Қымбатшылықтан алда тұрған облыстар қатарына Түркістан және Қарағанды облыстары да кірді. Тауық еті бағасының ең жоғары жылдық өсімі Түркістан (жылына бірден 55,8%), Ақтөбе (41,3%) және Маңғыстау (37,6%) облыстарында байқалды.
Ақтауда және (келісі 1,3 мың теңге), Нұр-Сұлтанда тауық етінің (келісі 1,1 мың теңге) ең қымбат екені белгілі болды.
Ал Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы Ресейге салынған санкциялардың валюта бағамына әсеріне алаңдаулы, деп хабарлайды Хабар24. Долларға қатысты рубль бағамы теңгеге қарағанда тезірек құлдырады. Бұл арақатынас көрші мемлекеттің өнімдерін арзандатады. Бұл Қазақстанға тауардың арзан бағамен әкелінуіне әкеліп соғады, ал елдегі құс фабрикалары жосықсыз бәсеке жағдайында сатып алушы үшін күресуге мәжбүр болады, деп санайды қауымдастық.