AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сүт өнімдері де қымбаттап барады

Сүт өнімдері де қымбаттап барады

Әлеумет 05.04.2022, 15:36 1,009
Сүт өнімдері де қымбаттап барады
replyua.net

Қазақстанда сүт өндірісінің өзіндік құны кәсіпорынның шамасына қарай 23-тен 65 пайызға дейін артты. Бұл жайында ҚР Сүт одағының директоры Владимир Кожевников мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның атап өтуінше, сүт өндірісі әлеуметті маңызы бар сала саналады және қазақстандық тұтынушылардың өнімнің қажетті көлемімен қамтамасыз етіп отыр. Отандық өндірушілер нарықтың 95 пайызын сүт және сүт өнімдерімен қамтиды.


Дегенмен, одақ директоры сүтті қайта өңдеп жасалатын өнімдерді шығаруға келгенде жағдай күрделі екенін айтады.



«Логистикалық тізбек үзіліп қалды. Біз көптеген ингредиенттерді, оның ішінде қаптаманы Ресейден аламыз. Мұның бәрін қайтадан жолға қою үшін уақыт керек. Бірақ, бұл өнімге де тәуелділігіміз төмендей түсті. Алайда, ресей-украин оқиғаларына байланысты өзгерістер көп қиындық туғызып отыр. Мұның бәрі өнімнің өзіндік құнына, соған орай бағасына әсер етуде. Дүкенге барған кезіңізде бағаның күн сайын болмаса да, апта сайын өзгеретінін көріп жүрсіздер. Бізде өнімнің өзіндік құнының 65-75 пайызын шикізат алады. Ал дәл осы шикізат бүгінде 65 пайызға қымбаттап отыр. Бұл - Сүт одағының емес, ФАО-ның (БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мәліметтері. Бұл ұйым шынайы жайтты әсірелеуге мүдделі емес», - деді ол «Атамекен» ҰКП алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Одақ директорының дерегінше, сүт өндірісінің өзіндік құны шағын шаруашылықтарда 65, ал ірі шаруашылықтарда 23 пайызға артқан.


Мұндай айырмашылық ірі шаруашылықтарда қоймалардың бар-жоғына, мал азығы қорының жеткіліктілігіне байланысты.


Ал шағын шаруашылықтардың мұндай мүмкіндіктері жоқ.


«Толықтай алғанда сүтті қайта өңдеудің өзіндік құны 30 пайызға өсіп отыр», - деді Владимир Кожевников.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сүтөнім #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);