AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Шылымқорлық та обырға шалдықтырады

Шылымқорлық та обырға шалдықтырады

Медицина 18.09.2024, 11:50 1,880 yakiya
Шылымқорлық та обырға шалдықтырады
almaty-akshamy.kz

Обыр дерті беті оңайлықпен қайта қоятын ауру емес. Бұл – үлкенді де, кішіні де жалмап жатқан аса қатерлі кесел. Дегенмен, кез келген рак ауруы ерте сатысында, дер шағында анықталса, ем нәтижелі болады. 

Алматыда «Қызыл қыркүйек» акциясы аясында Дүниежүзілік сүйек кемігі донорларының және Дүниежүзілік созылмалы миелоидты лейкозбен күрес күндеріне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Алмалы ауданының онкологы Гүлнұр Башарова мен №30 қалалық емхананың онкологы Айгерім Бақасова аталған емханада тіркеуде тұрған тұрғындармен кездесіп, қанның қатерлі ісігі туралы не білу керектігіміз, қалай сақтану қажеттігі жайында әңгімеледі. Сондай-ақ, емхана мамандарына да кеңестер берілді.

"Сүйек кемігіндегі жасушалар қалыпты емес немесе жылдам өсе бастағанда сүйек кемігінің қатерлі ісігі немесе қан рагы пайда болады. Бұл ауру тез (аурудың жедел түрінде) немесе баяу (аурудың созылмалы түрінде) дамиды. Қанның қатерлі ісігімен жастар да, қарттар да, тіпті, балалар да ауруы мүмкін. Аурудың пайда болуының нақты себебі жоқ, бірақ себеп болуы мүмкін бірнеше фактор бар. Олар: тұкымқуалаушылық (егер ата-бабаларында қанның қатерлі ісігі болса, тұқым арқылы берілуі мүмкін); зиянды химиялық заттардың әсері; жоғары дәрежелі радиация; вич -инфекция; Даун ауруы; зиянды әдеттер (жиі темекі тарту). 
Басқа онкологиялық аурулар сияқты қанның қатерлі ісігін бастапқы сатысында емдеу тиімді. Бірақ алғашқы кезеңінде анықтау көп жағдайда мүмкін болмайды. Алғашқы белгілері: тез шаршағыштық, әлсіздік, температураның көтерілуі, тершеңдік, иммунитеттің төмендеуі, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, жиі инфекциялық аурулармен ауруы мүмкін. Егер қандайда бір осы айтылған белгілер ұзақ уақыт мазаласа, мекенжай бойынша тіркелген емханаға барып тексеруден өткен дұрыс. Бұл бізге ауруды ерте анықтап, уақытылы емдеуге мүмкіндік береді", – дейді онколог-дәрігер Гүлнұр Башарова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шылым #обыр #лейкоз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Кеше 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Кеше 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Кеше 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Кеше 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);