ffin.kz

Шолпан мен Таңшолпан

Шолпан мен Таңшолпан almaty-akshamy.kz

Қазақ Шолпан мен Таңшолпан екі жарық жұлдызды аспан әлеміндегі апалы-сіңлілі жұлдыздар деп есептейді. Бұл екеуі де таң атып келе жатқанда, таң белгісі ретінде жарық шақыратын, күн шығаратын, адамдарға тіршілік сыйлайтын киелі жұлдыз деп білген және солай есептеген.


Қазақта Шолпан жұлдызы мен Таңшолпан жұлдызының қатар туғанын көрген адам өмір бойы, тіпті жеті атасымен бақытты болады, мол ырзықты, таусылмас дәулетті болып өтеді, ұзақ өмір сүреді деп ырымдаған. Бұл екі жұлдызды да таңмен таласа оянған қыз бен жігіт қатар көрсе, екеуі өмір бойы бір-біріне ғашық болып өтеді, араларына жамандық кірмейді, ұрпақты, ғұмырлы болады деп ырымдаған.


Қазақ есепшілері Таңшолпан жұлдызын мынадай екі уақытта көруге болады деп қараған: бірі, күн шығар алдында, ала таң кезінде, таңмен таласа жай Шолпаннан кейін туады. Екінші, қара барқын түндерде, бұлтсыз ашық кештерде өте зейін қойып, анық бақылап іздеген адамға көрінеді. Ал айлы жарық түндерде, ай сүттей жарық болып толып тұрған алакеуім таңдарда Таңшолпан жұлдызын мүлде көре алмайсың. Қазақтың Таңшолпан жұлдызын көрген адам бақытты болады дегені де рас. Өйткені, Таңшолпан жұлдызының атын көп адам біледі, естиді. Бірақ оны өз көзімен көрген адамдар тым аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады.



Қазақ есепшілері Таңшолпан жұлдызы бір жылда сексен сегіз рет қана шығыс көкжиектен көрінеді. Қалған күндері Таңшолпан күн қойнында күнмен ілесіп, көрінбей жүреді. Ол күннің ғашығы деген рауаят бар. Қазақта «Сегіз – сегіздің аяғы семіз, семіздің аяғы – сексен сегіз» деген тәмсіл сөз бар. Осы тәмсіл Таңшолпанның бір жылдағы сексен сегіз рет жарық болып көрінуіне байланысты туған сөз.



Қазақтың бүгінгі сұңғыла аспан есепшілері қос Шолпан да түн ортасында біраз уақыт көрінбей жүреді де, таң алауымен араласып күншығыс жақтан жарқ ете қалады. Олар күн жарығымен ілесіп көрінбей, батысқа қарай баяу қозғалып сырғып отырады. Күн батып, жер бетінде жарық сөнген соң, іңір жарығында туа қалады. Мұны білетін қазақ есепшілері бұл кездегі Шолпанды Шолпан деп атамайды. «Болпан» туды дейді. Батыстан көрінгенде оны «Тұлқатын» деп те атаған. «Осыдан кейін Болпан күншығысқа қарай айналып жылжиды. Күн шығысқа жетіп, таң атар алдында туғанда оны енді «Шолпан» деп атайды.


Ал Таңшолпан Болпан болған Шолпаннан сәл өзгеше. Таңшолпан негізінен, күншығыс жақтан күн шығар алдында ғана көрінеді. Бір айыбы, көп ұзап тұрмайды. Жарқ етеді де, жоқ болады (Өмірзая). Ол Юпитер планетасы. Артынан лезде күн шығады.


Қазақтың малшылары арасында «малды Болпан туа қораға, Шолпан туа өріске айдадық» деген сөз тіркесі бар. Бұл үлкен Шолпанның батыстан көрінуі мен қайта айналып күн шығыстан тууына, таңның атып, кештің батуына қарай шаруашылығын ыңғайлағандығынан туындаған сөз болса керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58