AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс...

Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс...

Әлеумет 22.05.2024, 11:56 1,508 dulatbekova
Шапқан атқа жеткізбес бөкен  желіс...
Сурет: Тolqyn.kz

Мәжілісмендер қазақтың спорттық жылқы тұқымын сақтауға және көбейтуге бағытталған заң жобасының түзетулерін мақұлдады

Заң жобасының негізгі мақсаты – отандық спорттық жылқылардың тұқымын қалпына келтіру және олардың асыл тұқымдық қасиеттерін мемлекеттік қолдау арқылы жақсарту.

Түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаровтың бастамасымен ұсынылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Былтыр маусымда депутат бұл мәселені Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында көтерген.1969 жылы елімізде 44 мыңнан астам «Қостанай» жылқы тұқымы тіркелген, яғни барлық асыл тұқымды жылқылардың жалпы санының 9,7 % құраған. Алайда бүгінде «Қостанай» жылқы тұқымының ресми тіркелген саны 270 бастан аспайды, ал «Адай» жылқы тұқымының 1300 басы тіркелген.

«Қазақстанда сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды жылқыларды өсіру жағынан қолдау көрсетіледі. Бірақ ат спорты түрлерін дамытуға ешқандай қолдау қарастырылмаған. Ең өкініштісі, ұлттық спорт түрлерінен біздің спортшылар қырғыз, орыс және басқа елдерден сатып алынған аттарды мініп, ең жуйріктері Өзбекстанға сатылып кетеді. Осыған байланысты біз отандық жылқы тұқымын сақтау мен өсімін молайтуға бағытталған Заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдадық. Атап айтқанда, екі тұқымды ерекше атап өтеміз: «Қостанай» және «Адай», олар өздерінің құндылығын дәлелдеген. Асыл тұқымды жылқыларды қолдау және өсіру арқылы ұлттық спортты дамыту қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрінің дамуына жақсы серпін береді», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Respublica партиясының парламенттік фракциясы мен бір топ пікірлес депутаттар бастамашы болған заң жобасымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Түзетулер асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды айғырларды сатып алу, асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу, оларды ұстау бойынша шығындарды өтеуді көздейді.

Аталған қолдау тетіктері отандық спорттық бағыттағы жылқы тұқымдарын дамытуға жағдай жасап, бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге алу сынды ұлттық ат спорты түрлерін бұқаралық дамытуға ықпалын тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #Заң жобасы #спорттық жылқы #түзетулер #мақұлдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);