AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 1 819 отбасының 9 мыңнан астам тұрғыны ат...

Алматыда 1 819 отбасының 9 мыңнан астам тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған 

Барлығы 05.11.2025, 09:55 446
Алматыда 1 819 отбасының 9 мыңнан астам тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған 
Алматы әкімдігі

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді. Ол атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) уақытша сипатқа ие екенін, оның басты мақсаты – азаматтардың еңбекке белсенділігін арттыру екенін атап өтті.

"Атаулы әлеуметтік көмек – бұл өмір бойы төленетін жәрдемақы емес, ол өмірінде қиындық болып жатқан отбасыға аяқтан қайта тұруға мүмкіндік беретін уақытша қолдау шарасы. Басты мақсатымыз – жай көмек көрсету емес, азаматтардың еңбек етуіне және әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау", – деді Бауыржан Жаубасов.  

Оның айтуынша, АӘК алу үшін отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту  бағдарламаларына қатысуға тиіс.

Атаулы әлеуметтік көмек екі түрге бөлінеді. Біріншісі, шартсыз көмек – еңбекке араласа алмайтын азаматтарға (І-ІІ топтағы мүгедектігі бар жандарға, қарттарға күтім жасап отырған адамдарға және т.б.) тағайындалады. Екіншісі, шартты көмек – еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамту шараларына (жұмысқа орналасу, оқыту, қоғамдық жұмыстар және т.б.) қатысқан жағдайда беріледі.

2025 жылы 1 қазанға дейін Алматыда 1 819 отбасы, яғни 9 063 адам атаулы әлеуметтік көмек алған.

"Мұндай қолдау шаралары азаматтарға уақытша қиындықты еңсеруге ғана емес, күшіне деген сенімін арттырып, жігерін жанып, отбасының тұрмысын өз еңбегімен қамтамасыз етуге жол ашады", – деп сөзін түйіндеді Бауыржан Жаубасов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #атаулы көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);