AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Адам түнде дұрыс ұйықтамаса, не өзгереді?

Адам түнде дұрыс ұйықтамаса, не өзгереді?

Мұны білген жөн 05.11.2025, 10:25 842 Сұлу
Адам түнде дұрыс ұйықтамаса, не өзгереді?
Shutterstock/FOTODOM

Nature Neuroscience журналында жарияланған зерттеудің авторлары түнгі демалыстың миға қалай әсер ететінін айтты. Егер ұйқының орнына емтиханға дайындалсаңыз не кешке көңіл көтеруге барған болсаңыз, миыңыз толыққанды демалып үлгермейді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.

Адам ұйықтап жатқанда да оның миы үнемі жұмыс істеп тұрады. Naked Science басылымының мәліметінше, түнде ми "тазалық" жүргізуі керек. Бұл уақытта ми арқылы жұлын-ми сұйықтығы айналып, күн ішінде жиналған метаболизм өнімдерін шығаруға көмектеседі.

Бұл сұйықтық жасушалар мен тамырлардың айналасындағы тар саңылауларға тиімді еніп, "қоқысты" өзімен алып шығады да, оны қанға немесе ми қабықтарының лимфа тамырлары мен мойынның терең лимфа түйіндеріне жеткізеді.

"Қалдықтардың" бір бөлігі сол жерде-ақ бұзылады, бұл - микроглияның жұмысы. Қалғаны қанға және лимфаға түсіп, ақырында бауыр мен бүйрек арқылы ағзадан шығарылады.

Егер метаболизм қалдықтарын уақытында шығарылмаса, олардың кейбірі жиналып, нәтижесінде қабынып, тіпті миға қан жиналуы мүмкін.

Массачусетс технологиялық институтының Лара Льюис бастаған АҚШ нейробиологтары бұл теорияны тексеріп көрді. 

Эксперименттің мәні

Гипотезаны тексеру үшін 19–40 жас аралығындағы 26 ерікті таңдалды.

Эксперименттің алғашқы кезеңінде қатысушыларға жақсылап ұйықтап, зертханаға тексерілуге келу ұсынылды. Екі аптадан кейін сол адамдар зертханада бір түнді ұйқысыз өткізіп, дәл сол манипуляциялардан қайта өтті. Әр кезеңде еріктілердің миы МРТ арқылы сканерленді. Әр сеанс кезінде қатысушыларға реакция мен зейінге арналған тесттерді орындау керек болды.

Тапсырмалар барынша қарапайым еді: белгілі бір дыбыстан кейін немесе экрандағы крест шаршыға айналғанын көрген сәтте батырманы басу. Әр сессия 12 минутқа созылды.

Нәтижесінде бір түн ұйықтамағандардың шынымен әлдеқайда зейіні нашарлап, тіпті өте қарапайым тапсырмаларға да көңіл бөлуі қиындағаны белгілі болды.

МРТ деректері талданғанда, зейіннің жоғалуы мен жұлын-ми сұйықтығының қозғалысы арасында байланыс тіркелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұйқы #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Бүгін 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Бүгін 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);