АҚШ-та жүк тиелген ұшақ құлады: 7 адам қаза тапты (видео)

  • 11:14, 05 қараша 2025
АҚШ-та жүк тиелген ұшақ құлады: 7 адам қаза тапты (видео) видеодан алынды

АҚШ-тың Луисвилл қаласында UPS-тың жүк ұшағы әуежайдан көтерілген соң құлап, борттағы үш экипаж мүшесі мен жердегі төрт адам қаза тапты. Он бір адам ауыр жараланған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

АҚШ-тың Кентукки штаты, Луисвилл қаласындағы Мұхаммед Әли атындағы халықаралық әуежайдан ұшып шыққан UPS Airlines компаниясына тиесілі McDonnell Douglas MD-11F ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі 5X2976 (UPS2976) рейсімен Гонолулу бағытына бет алған.

Алғашқы мәліметке сай, борттағы үш экипаж мүшесінің барлығы қаза тапқан, жерде болған тағы төрт адамның қазасы расталды; кемінде 11 адам ауыр жарақат алған. Оқиға 2025 жылғы 4 қарашада кешкі уақытта тіркелді. 

Жергілікті билік апат болған аймақтың маңында улы түтін мен жанармай төгілу қаупіне байланысты әуежайдан шамамен 8 шақырым радиуста shelter-in-place (орнында қалу) режимін енгізді. Куәгерлер қуатты жарылыс пен ондаған метрге көтерілген қалың қара түтінді байқағанын айтады. Әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды. 

UPS компаниясы оқиғаны растады және тергеуді АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі бойынша ұлттық кеңесі (NTSB) жетекшілік ететінін хабарлады. Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) өкілдері апат орнына келіп, тексеріс жүргізіп жатыр. Алғашқы деректер бойынша, ұшақ ұшып көтерілу кезінде техникалық ақау болуы мүмкін деген нұсқа қарастырылып жатыр. Толық қорытынды NTSB тергеуінен кейін жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:56

12:35

12:19

12:06

12:04

11:56

11:43

11:38

11:26

11:14

11:02

10:59

10:48

10:37

10:33

10:25

10:11

09:58

09:55

09:54

09:47

09:40

09:36

09:22

09:03