Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Джеффинг деген не және ол денсаулыққа қалай әсер е...

Джеффинг деген не және ол денсаулыққа қалай әсер етеді?

Мұны білген жөн 05.11.2025, 09:03 371
Джеффинг деген не және ол денсаулыққа қалай әсер етеді?
depositphotos.com

Күнделікті белсенділікті көбейтудің ең оңай жолы - көбірек жаяу жүру. Олимпиадалық чемпионның ойлап тапқан әдісінің нәтижесі оң болып шықты. Джеффинг деген не? Оның денсаулыққа пайдасы қандай? Бұл туралы "Доктор Питер" басылымында айтылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Джеффинг - жүгіру мен жүруді алмастырып отыратын жаттығу тәсілі. Оны олимпиадаға қатысқан желаяқ Джефф Гэллоуэй ұсынған. Бұл ерекше тәсіл жүгіру қашықтығын біртіндеп арттыруға, жарақаттан сақтануға және жаттығудан ләззат алуға көмектеседі.

Әдістің ерекшелігі - жүгіру мен жүруді кезекпен орындау. Екі минут жүгіріп, үш минут жаяу жүру, осылай бірнеше айналым жасап, толыққанды жаттығу құралады. Бұл тәсіл төзімділікті асықпай дамытады. Жаңадан бастағандар көбіне бірден қатты қарқын алып, қатты шаршап, кейін мүлде жүгіргісі келмей қалады. Ал жүгіру мен жүрісті үйлестіру ағзаны жүктемеге жұмсақ бейімдейді.

Жаттықтырушы Райли Бугхольцтың айтуынша, адам жүгірген сайын буындарға дене салмағынан үш-төрт есе көп күш түседі. Әсіресе жаңа бастағанда ағзаға мұндай әсерге бейімделуге уақыт керек. Джеффинг жарақат қаупін азайтып, өкпенің жұмысын күшейтуге, төзімділікті арттыруға және бұлшықетті нығайтуға көмектеседі.

Тағы бір психологиялық пайдасы бар: жүгіріп жүргенде қысқа демалыс жасағың келеді, бірақ "тоқтаған ұят" деген ой мазалайды. Джеффинг мұны да шешеді: сіз алдын ала белгілі бір уақыт жүгіріп, содан соң жоспарлы үзіліс жасайтыныңызды білесіз. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Джеффинг #денсаулық #Жүгіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

Кеше 22:03

Алматыда қазақ анимациясының көрнекті өкілі, режиссер, суретші әрі ұстаз Ерсайын Әбдірахмановтың 80 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті

Кеше 20:46

Бакуда Көктемгі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті 

Кеше 19:42

Алматыда 15–16 сәуір мерзімі өткен дәрілерді жинау бойынша экоакция өтеді

Кеше 18:49

Тоқаев Петер Мадьярды жеңіске жетуімен құттықтады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика