AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда қыз алып қашқан 15 адам ұсталды

Қазақстанда қыз алып қашқан 15 адам ұсталды

Заң мен тəртіп 05.11.2025, 09:54 608 dulatbekova
Қазақстанда қыз алып қашқан 15 адам ұсталды
Сурет: adyrna.kz

Елде жаңа бап күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде жеті іс қозғалды

Қазақстанда "Мәжбүрлеп неке қию" туралы Қылмыстық кодекстің жаңа бабы күшіне енгеннен бері 15 адам ұсталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қылмыстық кодекске 125-1-бап - 1Мәжбүрлеп неке қию1 енгізілген. Бұл бап адамның еркіне қарсы оны некеге тұруға немесе бірге тұруға мәжбүрлеу, сондай-ақ сол мақсатта адамды ұрлау әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, аталған бап күшіне енгеннен бері полиция жеті қылмыстық іс тіркеген. Мұндай құқықбұзушылықтар Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында анықталған.

"Жүргізілген іс-шаралар барысында 15 адам ұсталды. Әр іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, барлық мән-жайлар анықталуда", – деп хабарлады ІІМ.

Полиция азаматтарды қалыңдықты алып қашу немесе мәжбүрлеп некеге тұрғызу фактілері туралы дереу хабарлауға шақырды.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай қылмыс үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ауырлататын жағдайларда он жылға дейін жаза қарастырылған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қыз алып қашу #қылмыстық кодекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);