AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Сенатта инклюзивті білім беру мәселелері талқыланд...

Сенатта инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Білім және ғылым 02.11.2024, 10:39 1,208
Сенатта инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды
Cурет: Оқу-ағарту министрлігі

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Депутаттар мемлекеттік органдар мен сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, ерекше қажеттілігі бар адамдардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстар алмасып, оларды іске асыру жолдарын талқылады. Отырыс жұмысына Оқу-ағарту министрі, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталып, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бастамалар мен ұсыныстарын жеткізді. Бүгінгі таңда қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құрылуда. Осылайша, мектептердің 88%-ы инклюзивті білім алуға жағдай жасады. 2024 жылы 5 мыңнан астам педагог қайта даярлау курстарынан өтті.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев тең мүмкіндікті инклюзивті қоғам қалыптастыру ел Президентінің реформаларының күн тәртібіндегі маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта соңғы жылдары жүйелі жұмыстар жүргізілуде және көптеген салаларда, соның ішінде оқу-ағарту жүйесінде оң динамика байқалады.

Сенат спикері инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті. Ерекше қажеттілігі бар адамдардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі әзірленген ұсыныстар мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #инклюзивті білім #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);