AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Сәтбаев университеті табиғи мұраны қорғауда: Алмат...

Сәтбаев университеті табиғи мұраны қорғауда: Алматыда ЮНЕСКО геофорумы өтті

Білім және ғылым 02.12.2024, 19:36 687 Nursok82
Сәтбаев университеті табиғи мұраны қорғауда: Алматыда ЮНЕСКО геофорумы өтті
satbayev.university

Адамның табиғатқа әсері барған сайын жойқындала түсіп отырған қазіргі әлемде ЮНЕСКО бірегей мәдени және табиғи мұрасы бар ерекше геопарктер құруда. Ал өзінің бай табиғи және мәдени әртүрлілігімен танымал болып отырған Қазақстан осы табиғи ресурстарды сақтау жөніндегі халықаралық бастамаға белсенді түрде қатысуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Осы үдерістегі тағы бір қадам – Сәтбаев университетінде өткен «ЮНЕСКО геопарктері тұрақты даму және ынтымақтастық үшін» атты халықаралық геофорум болды, ол БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның демеушілігімен өтті. Форумға мәдени және табиғи мұраны сақтау саласында жұмыс істейтін әртүрлі елдердің мамандары, Қазақстанның университеттері мен ұлттық саябақтарының өкілдері жиналып, дүние жүзіндегі керемет әсем табиғи орындарды дамыту жөнінде тұрақты дамыту бағдарламасы алдында тұрған сын-қатерлерге қарсы тәжірибелерімен және міндеттерімен бөлісті.

 

Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер бағдарламасы 48 елдегі 190-нан астам нысанды қамтиды. «Geopark Aral» Қазақстан бойынша осы бағдарламадағы алғашқы геопарк болады. Оның негізін қалаушы – Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қоры.

Іс-шара Сәтбаев университетінің қолдауымен, ҚР-ның ЮНЕСКО және ИСЕСК істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының бас хатшысы Жанар Шайменованың, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің, Қазан федералды университетінің өкілдері және «Янган-Тау» геопаркі жобалау тобының, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтті.

 

Бұл геофорум геопарктерді заңнамалық реттеудің маңызды мәселелерін, ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін және тұрақты дамуды қалыптастырудағы геопарктердің рөлін талқылауда, сондай-ақ геопарктерді құру бойынша тәжірибе алмасуға және табиғи мұраны сақтау саласы бойынша халықаралық сарапшыларды оқытуға арналған ғылыми-сараптамалық алаң рөлін атқарды.

 

Сәтбаев университеті үшін форум тұрақтылық қағидаттарына негізделген жобаларды құру және жүзеге асыру бойынша жинақталған тәжірибемен алмасудың тағы бір мүмкіндігі болды. Жұмыс сессиялары мен екіжақты кеңестер барысында заманауи университет жұмысындағы жаһандық күн тәртібін енгізудегі қиындықтарды еңсеру жолдары, жобалық тәуекелдерді талдау әдістері және жаһандық бастамаларды жүзеге асыруға қауымдастықтарды тарту мәселелері талқыланды. Кездесулер нәтижесінде Сәтбаев университетінің Тұрақты даму жөніндегі жобалық кеңсесінің өкілдері ынтымақтастық қарым-қатынасты жалғастыруға және Қазан мен Башқұртстан университеттері үшін кеңейтілген вебинар ұйымдастыруға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #Сәтбаев университеті #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);