AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қытайдағы атом энергетикасының дамуы: Тяньвань АЭС...

Қытайдағы атом энергетикасының дамуы: Тяньвань АЭС-і және оның аймақтық әсері

АЭС: Референдум 26.09.2024, 10:39 1,088 Bakyt
Қытайдағы атом энергетикасының дамуы: Тяньвань АЭС-і және оның аймақтық әсері
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Қытайда атом энергетикасының дамуы 1990 жылдары басталып, бүгінгі күні елде 57 ядролық реактор жұмыс істейді. Алғашқы атом электр станциялары іске қосылғаннан бері елде бірде-бір апат тіркелмеген. Сарапшылар бұл көрсеткішті қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуымен байланыстырады.

Қазіргі уақытта Қытайда үшінші буын реакторлары қолданыста. Олардың ішінде ең ірі станциялардың бірі – солтүстік-шығыста орналасқан Тяньвань АЭС-і. Станция 300 гектардан астам аумақты алып жатыр және теңіз жағалауында орналасқан. Оның аумағында толыққанды қалалық инфрақұрылым бар: жол белгілері, бағдаршамдар, асхана, дүкендер мен кафелер жұмыс істейді. АЭС маңында 146 мыңға жуық халқы бар ондаған елді мекен орналасқан.

АЭС салынғанға дейін аймақтағы тұрғындардың негізгі табыс көзі балық аулау болатын. Алайда станцияның іске қосылуымен көптеген адамдар тұрақты жұмысқа ие болды. Әсіресе, жас мамандар арасында жұмысқа орналасу мүмкіндігі артты. Тяньвань АЭС-і жергілікті халықтың тұрмысын жақсартып қана қоймай, инфрақұрылымның дамуына да серпін берді.

Люхы ауылында өскен Гуи Мяу АЭС құрылысына куә болған 6 жасар қыз еді, ал қазір ол оқуын аяқтап, станцияда жұмыс істеп жүр. Ол былай дейді: «Бүгінгі таңда балық аулаумен тек үлкен кісілер айналысады. Бұрын балық аулап күн көрген жастар қазір АЭС-те жұмыс істейді. Олар жақсы жалақы алады. Біздің ауыл АЭС-ке ең жақын орналасқан. Мен осы ауылда өстім, бұрын мұнда жарық та, жол да жоқ еді. Жаңбыр жауса, балшыққа батып, жүре алмайтынбыз. Көлік те аз болатын. Қазір көпір салынып, жағдайымыз жақсарды. Ең бастысы, жұмыссыздық азайды».

Тяньвань АЭС-інің дамуы аймақтағы халықтың өмір сапасын жақсартып, экономикалық дамуға да оң әсер етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тяньвань #Қытай #АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика