ffin.kz

Қоңырау күткен қария

Қоңырау күткен қария Сурет pulse.mail.ru алынды

Ойтамшы


 


Шеберханаға таяғына сүйеніп қалт-құлт еткен қария кірді.


– Иә, айта беріңіз, ата!


– Балам, мына ұялы телефонымды жөндеп бере ғойшы, талайдан бері үнсіз, шырылдамайды.


Атаның телефонын ұстағаннан-ақ оның бұзылмағанын білген шебер:


– Ата, істеп тұр екен ғой, еш жерінде ақау жоқ, – деп кері қайтарғанда, әлгі қария:


– Ендеше, балам неге хабарласпай жатыр екен, көп болды, телефон соқпады.., – деп кемсеңдей жылап жіберген екен.


WhatsApp жағалап жүрген бұл әңгіме бәлкім сіздің де көзіңізге түскен болар, астарлы, ойлы дүние, ә?


Жұмысыңыз қанша жерден қауырт болса да, жақындарыңызға қоңырау шалуға бар-жоғы екі минут жетіп жатыр. Күйкі тірлік ешқашан бітпейді. Тіпті, Facebook, Instagram, TikTok бетінде де сағаттап отыруға бармыз. Соның арасынан екі-үш минут уақыт табуға болады. Ниет керек ол үшін.


Мен, мәселен, қазір ғана осы жазбаны WhatsApp-тан оқи салып, біраздан бері сөйлеспей кеткен танысыма телефон шалып, жағдайын білдім, анасының, ауырыңқырап жүрген күйеуінің денсаулығын сұрадым. Қуанып қалды. Өзің де үлкен іс тындырғандай жеңілдеп, жадырап қаласың. «Көңіл көңілден су ішеді» деген рас сөз негізі.



Естеріңізде ме, танымал тележурналист Бейсен Құранбек көз жұмарының алдында Фейсбук парақшасына бір жазба жариялаған болатын. «Неге екенін білмеймін, кешірім сұрағым келді. Қарбаласпен жүріп талай жақын адамымның, достардың, туыстардың таныстардың көңілін қалдырдым. Қуанышына бара алмадым, қайғыда қасында бола алмадым. Қазір ойлап отырсам, соның бәрінде өзімді «жұмыстан қол босамай жатыр ғой» деп ақтап алыппын. Көңіл дейтін өте нәзік, адам деген өте қымбат, өмір деген өте қысқа дүние екенін ұмыта жаздаппын... Кешіріңіздер!», – деген мәтінде.



Бейсен әріптесіміз үзілетінін сезген болар, елмен бақұлдасқаны болар. Ал «ертең, ертеңмен» жүріп қариямызға хабарласа алмай, ол кісі үзіліп кетсе, өкініштің ең үлкені сол болмақ.


Осы жерде тақырыпқа қатысы бар басқа бір мәселенің шеті шығып тұрғаны. Қазір «телефон алаяқтары», яғни онлайн отырып та қалтаңызды үптеп кететіндер қаптады. Олар көбіне беймезгіл уақытта қоңырау соғады. Тұтқаны әлгіндей телміріп баласынан бір хабар күтіп жүрген қария көтерсе, бітті дей беріңіз.



Түн жарымында телефонның арғы жағынан біреу «Әке, мен ғой, ұлыңыз! Жол апатына түсіп қалдым. Қабырғам сынды. Тез ақша керек болып жатыр», – деп боздап қоя бергенде, ұйқылы-ояу қарт кісі қапелімде не істерін білмей, онсыз да жүрегінде алаң бар, тұтқаның арғы жағында тұрған адамның айтқанын істеп, қалтасындағы барын салып жібереді.



Ең қызығы сол, қазір жасанды интеллектінің көмегімен жақындарыңыздың даусымен қоңырау шалатындар да көбейген көрінеді. Сондықтан әсіресе, ата-анамыздың, қарттардың хал-жағдайын жиі біліп тұрайық. Және де таныс емес нөмірден алаяқтар түрлі оқиғаларды ойдан құрастырып хабарласатынын, ондай кезде мейлінше салқынқанды болу керектігін айтып қойған жөн. Ал егер бөтен біреу қоңырау соқса, алдымен ұлға, қызына немесе немересіне хабарласып, мән-жайды біліп алғаны абзал.


Әңгімеміздің басындағы тақырыпқа қайта оралсақ, сіз бүгін телефонмен қанша адаммен сөйлестіңіз?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52

11:40