Елімізде әйелдер саны бір жылда1,2%-ға артқан.
2022 жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша, елдегі әйел саны 9,9 миллион болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2 пайызға көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық әйелдердің саны жыл сайын тұрақты түрде 1,2%-1,3%-ға өсіп келеді.
Қазақстан Республикасы халқының жалпы санындағы әйелдердің үлесі аздап төмендеді. Мәселен, 2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқының жалпы санындағы әйелдердің үлесі 51,62%, 2018 жылы – 51,58%, 2019 жылы – 51,54%, 2020 жылы – 51,51%, 2021 жылы – 51,48%, 2022 жылы – 51,43% болды. Алайда 5 жыл ішінде көрсеткіштің 0,18 пайызға азаюы статистикалық тұрғыдан қарағанда өте маңызды емес.
Әйелдердің көпшілігі, жалпы Қазақстан Республикасындағы халық тығыз қоныстанған өңірлерде – Алматы, Алматы облысы және Түркістан облыстарында, ең азы – Солтүстік Қазақстан облысында тұрады.
Қазақстандағы жалпы халық санындағы әйелдердің үлесі айтарлықтай өзгеріп отыратын атап өткен жөн. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы әйелдер көп тұратын өңірлер Алматы (алматылықтардың жалпы санының 54,2%-ы әйелдер), Павлодар (52,5%) және Қостанай (52,4%) облыстары болып отыр. Ал, Түркістан және Қызылорда облыстарында ерлер саны, керісінше, әйелдер санынан басым болса, қазақстандық әйелдер осы екі облыс халқының сәйкесінше 49,2% және 49,7%-ын құрайды.
Айта кетерлік жайт: жас бойынша гендерлік теңгерім Қазақстан Республикасы бойынша орташа деңгейден айтарлықтай ерекшеленеді. Сонымен, 29 жасқа дейін, яғни, балалық және жастық шақтағы көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасы халқының жалпы санында ер адамдар басым.
Қазақстандағы 30 бен 49 жас аралығындағы әйелдер мен ерлер саны шамамен тең көрсеткіште.
Тек 50 жастан кейін гендерлік тепе-теңдік әйелдерге қарай ығыса бастайды. Осылайша, 50-ден 59 жасқа дейінгі қазақстандықтардың жалпы санындағы әйелдердің үлесі әлі де онша көп емес – 53,6%, бірақ кейіннен ол айтарлықтай өседі, ал 85 және одан жоғары жаста ол 72,1%-ға дейін жоғарылайды.
Яғни, Қазақстанда қыз балалар мен бойжеткендер ұлдар мен жігіттерге қарағанда аз болса, елімізде 80 жастан асқан егде жастағы әйелдер сол жастағы ерлерге қарағанда екі жарым есе көп.
Жұмыспен қамтуға келетін болсақ: 2021 жылы елде жұмыс істейтін әйелдің саны 4,3 миллион болған, бұл бір жыл бұрынғы 4,2 миллионмен салыстырғанда, жыл сайынғы өсім 0,9% болып отыр.
Әйелдердің басым бөлігі сауда және автокөлік жөндеу саласында жұмыс істейді: 828,7 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 0,4%-ға артық. «Танымал» салалардың қатарында білім беру мен агроөнеркәсіп саласы да аталды. Жалпы, еліміздегі жұмыспен қамтылған әйелдердің 50,4 пайызы осы үш сала бойынша жұмыспен қамтылған.
2021 жылы Қазақстан Республикасындағы ер азаматтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған. Үздік үштікке сауда және автокөлік жөндеу, сондай-ақ құрылыс саласы кіреді. Үздік үш сала бойынша барлық жұмыспен қамтылғандардың 39,5%-ын ер азаматтар құрайды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми ресурсы. Қазіргі уақытта қоғамдағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы және ол бойынша іс-шаралар жоспарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.