Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанның Орталық Азиядағы ынтымақтастықты ныға...

Қазақстанның Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық дипломатиядағы рөлі

Саясат 21.02.2025, 12:44 671
Қазақстанның Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық дипломатиядағы рөлі
Cурет: Akorda.kz

2024 жыл Қазақстан үшін Орталық Азия мемлекеттерімен көпжоспарлы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды жыл болды. Мемлекет басшысының «Орталық Азияның Ренессансы: орнықты даму мен өркендеу жолында» бағдарламалық мақаласы өңірдегі бауырластық қатынастар мен стратегиялық серіктестіктің жаңа форматтарын белгіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әзербайжан Президенті мен БҰҰ өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі 6-шы рет өткізілді. Саммит қорытындысы бойынша «ОА-2040» Өңірлік кооперацияны дамыту тұжырымдамасына және 2025-2027 жылдарға арналған Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойылды, бұл Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады.

Қазақстан халықаралық дипломатияда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Астана процесі аясында Сирия дағдарысы бойынша келіссөздер алаңы ұсынылып, еліміз қақтығыстарды реттеу үшін делдалдық қызметтер атқаруда. Сонымен қатар, Қазақстан өңірлік қақтығыстарды шешу мақсатында халықаралық медиация орталығын құруды ұсынды.

Қазақстанның энергетика, көлік, сауда және цифрлық технологиялар саласындағы ірі өңірлік жобаларға бастамашы болуы еліміздің жаһандық экономикалық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту және Еуразиялық экономикалық одаққа белсенді қатысу еліміздің сыртқы саясатындағы басты бағыттар болып табылады. Жасыл технологиялар мен экономиканы декарбонизациялау жөніндегі бағдарламалар Қазақстанның халықаралық күн тәртібінде маңызды рөл атқарып отыр.

Қазақстан бейбітшілікке бағытталған сыртқы саясат ұстанып, еуразиялық кеңістікте қауіпсіздік, орнықты даму мен өркендеуді қамтамасыз ету үшін елеулі үлес қосуда. БҰҰ, ДСҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың жаһандық бастамаларына қатысу және жетекші державалармен стратегиялық серіктестікті дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#энергетика #сауда және цифрлық технологиялар #көлік #жасыл технологиялар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика