AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / МӘМС-ке қатыспайтындарға қандай аурулар кезінде шұ...

МӘМС-ке қатыспайтындарға қандай аурулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі?

Медицина 13.11.2025, 17:14 541 yakiya
МӘМС-ке қатыспайтындарға қандай аурулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі?
Алматы әкімдігі

МӘМС жүйесіне қатыспайтын адамдарға стационар жағдайында көрсетілетін шұғыл, өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезіндегі мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Атап айтқанда, өмірге қауіп төндіретін жедел жағдайлар қатарына және стационарда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекке (оның ішінде тәулік бойғы стационардың қабылдау бөлімінде диагноз анықталғанға дейін жүргізілетін емдеу-диагностикалық іс-шаралар) төмендегідей аурулар мен жағдайлар енгізілген:

Жүрек-қантамыр аурулары (жедел коронарлық синдром, инфаркт, инсульт);
Жарақаттар (ауыр сынулар, бас-ми жарақаты, денеге өтетін жарақаттар);
Тыныс жетіспеушілігі (тыныс жолдарының бөгде затпен бітелуі, пневмонияның ауыр түрлері);
Іштің қатты ауыруы (соқырішектің қабынуы, ішек өтімсіздігі, перфорация белгілері);
Аллергиялық реакциялар (ауыр анафилаксия);
Уланулар (улы химиялық заттармен, есірткімен немесе ауыр инфекциялармен улану);
Психикалық бұзылыстар (жедел психоздар, суицидтік ойлар немесе өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері);
Эндокриндік криздер (гипергликемиялық немесе гипогликемиялық кома, тиреотоксикалық криз);
Өмірге қауіп төндіретін және тәулік бойы бақылауды, қарқынды терапияны қажет ететін кез келген жағдайлар;
Жүкті әйелдер мен босанғаннан кейінгі 42 күн ішіндегі әйелдердің кез келген шағымдары.

Барлығы 917 ауру түрі осы тізімге енгізілген.

Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);