AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш м...

Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш мектеп ашылды

Білім және ғылым 13.11.2025, 15:01 488 yakiya
Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш мектеп ашылды
Алматы әкімдігі

Наурызбай ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы қалай шешіліп жатқанын аудан әкімі Назира Тоғызбаева Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндап берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Аудан тұрғындары өсіп жатқандықтан тездетіп мектеп пен балабақша салуды қолға алдық. Биыл бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр», - деді ол.

Биыл ауданда 5 500 орындық 3 жаңа мектеп ашылған. Олар «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінде, Сәбденов көшесі мен «Құрамыс» шағынауданында орналасқан. Сонымен қатар, «Alem City» мен «Алма сити-3» тұрғын үй кешенінің маңында әрқайсысы 1 200 орындық екі жаңа мектептің, сондай-ақ №174 мектепке қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып қалды. Бұл нысандарды 2026 жылдың бірінші тоқсанында ашу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, 2025 жылы 340 орындық жатақханасы бар №15 мектеп-интернаттың құрылысы да аяқталады. Мектепке дейінгі білім беру бойынша ауданда 6 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша жұмыс істейді, онда шамамен 11 000 бала бар. Орын тапшылығын азайту мақсатында биылғы қыркүйекте «Шұғыла» шағынауданында 320 орындық балабақша ашылды.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін «Құрамыс» пен «Шұғыла» шағынаудандарында тағы екі 320 орындық балабақша пайдалануға берілсе, 2026 жылы «Қалқаман» шағынауданында 240 орындық балабақша ашылғалы отыр. Осылайша, 2025 жылдың соңына дейін аудандағы мектепке дейінгі мекемелерде қосымша 880 жаңа орын пайда болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);