Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Наурызбай ауданының бюджеті 29,7 млрд т...

Алматының Наурызбай ауданының бюджеті 29,7 млрд теңгеге өсті

Барлығы 13.11.2025, 12:03 574
 Алматының Наурызбай ауданының бюджеті 29,7 млрд теңгеге өсті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткішін таныстырды.

Ауданда инвестиция, бизнес-белсенділік пен бюджеттің кіріс бөлігі сияқты негізгі бағыттарда тұрақты өсім байқалған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Әкімнің мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінің беталысы жақсы: 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айында өндіріс көлемі 13,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1,2%-ға артыпты.

«Инвестициядағы белсенділік – дамудың қозғаушы күші болып қала береді. Ауданға 145,2 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл былтырғыдан 49%-ға көп. Жыл соңына дейін жалпы инвестиция көлемін 197 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, оның 150 млрд теңгесі құрылысқа, 47 млрд теңгесі сауда, өндіріс пен басқа да салаларға жұмсалады», - дейді Назира Тоғызбаева.

Ауданда қазір шамамен 32 мың шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Олар салық түсімінің 33%-ға өсуін қамтамасыз етіп, жалпы 49,6 млрд теңге түсім әкелген (оның ішінде жергілікті бюджетке – 35,4 млрд теңге, республикалық бюджетке – 14,5 млрд теңге). Кәсіпкерлікті үзбей қолдағанның арқасында шамамен 7000 жаңа жұмыс орны ашылды.

2024 жылы Наурызбай ауданының бюджеті 18 млрд теңгені құраған. 2025 жылы бюджет көлемі тағы 40%-ға өсіп, 29,7 млрд теңгеге жетіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика