AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Наурызбай ауданында қоқыс алаңдарына 40...

Алматының Наурызбай ауданында қоқыс алаңдарына 40 бейнекамера орнатылды

Барлығы 13.11.2025, 12:07 410 dulatbekova
Алматының Наурызбай ауданында қоқыс алаңдарына 40 бейнекамера орнатылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауданда 45 сенбілік өткізіліп, 400-ден астам ағаш егілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева осылай деп хабарлады. Ол ауданның санитарлық жағдайын жақсарту мен абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экокампаниясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

Әкімнің айтуынша, биылғы 10 айда ауданда 45 сенбілік өткізіліп, оған 11 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Акциялар барысында 5 500 текше метр қоқыс шығарылған. Қараша айының соңына дейін маусымды таза аяқтау үшін тағы екі сенбілік өткізу жоспарланып отыр.

«Таза Қазақстан бот» цифрлық платформасы да жақсы қолданылып жатыр: жыл басынан бері 1 500 өтініш келіп түскен, оның 95%-ы шешімін тапқан. Бұл қоғамдық бақылауды күшейтіп, тұрғындармен кері байланысты барынша жедел және ашық етуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда ауданның санитарлық тазалығы 348 көше мен 105 шақырым арық жүйесін қамтиды. Бұл жұмыстарды үш мердігер ұйым атқарып жатыр, 150 жұмысшы мен 54 арнайы техника жұмылдырылған. Аула аумақтарындағы жұмысқа қосымша 174 қызметкер мен 46 техника тартылды.

Санитарлық жағдайды бақылауды күшейту мақсатында қоқыс контейнер алаңдарына 40 камера орнатылды. Олар заңсыз қоқыс тастағандары тіркеп,  құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берілген. Биылдың өзінде 400 ағаш егілді, жыл соңына дейін тағы 1 000 ағаш егілмек. Сонымен қатар, «SAME CONSTRUCTION» ЖШС мердігер компаниясы жүргінші жолдары мен жол жиегі арасындағы бос аймақтарды көгалдандыру мен абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл аймақтар санитарлық-қорғау мен эстетикалық қызмет атқарады.

Негізгі абаттандыру аумақтары:
•    Абай даңғылы (оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі, Әшімов көшесінің бұрышы);
•    Шаляпин көшесі (Әшімов көшесінен Қарғалы өзеніне дейін);
•    Қонаев көшесі (Гроза көшесінен Қарғалы өзеніне дейін).
Бұл аймақтарға спирея, лапчатка, кизильник, көпіршік (қызыл және сары түсті) және хризантема сияқты сәндік бұталар егілді.

Сонымен қатар әкімшілік іс-шаралар да жүргізілді: жыл басынан бері тазалық ережелерін бұзу, рұқсатсыз сауда және өзге де әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 50 млн теңгеден асатын 691 хаттама толтырылды.
«Экологиялық мәдениет әр адамның өзінен басталады. Біздің мақсатымыз – ауданды өмір сүру мен демалуға жайлы аудан ету», - деді Назира Тоғызбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбайи ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);