конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар Еуропа елдеріне қарағанда суды үш...

Қазақстандықтар Еуропа елдеріне қарағанда суды үш есе көп шығындайды

Әлеумет 27.04.2023, 14:33 1,178
Қазақстандықтар Еуропа елдеріне қарағанда суды үш есе көп  шығындайды
Сурет: Aikyn.kz

Еліміз болашақта судан тапшылық көруі мүмкін.


ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы елде су тұтыну мәдениеті қалыптаспағанын сынға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ауыз су тапшылығы себептерінің бірі - суға немқұрайлы қарау. Мемлекет басшысы су ресурстарын ұтымды пайдалану көбінесе су тұтыну мәдениетіне байланысты екенін айтқан еді, өкінішке орай бізде ол мәдениет жоқ. Жеке тұтынуда біз Еуропа елдеріне қарағанда үш есе көп су жұмсаймыз. Қазақстан - су тапшылығы бар мемлекет. Сондықтан ерте жастан бастап суға деген ұқыптылықты қалыптастыру қажет», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Сонымен қатар, тарифтерді қалыптастырудағы әлеуметтік тәсіл су арналарын қаржыландырудың жетіспеушілігіне және сумен жабдықтау жүйелерінің тез тозуына алып келеді.


Өз кезегінде, бұл су ысырабының орын алуын, апаттар санының артуын және су сапасының нашарлауын туғызып отыр.



«Су ресурстарын үнемдеу үшін сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінің өндірістік процестерін автоматтандыру жоспарлануда. Осылай бүкіл өндірістік процесстердегі су ресурстарын есепке алудың толық кешенімен қамтамасыз ету көзделуде. Ол үшін сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінің гидромоделін жасау үшін барлық өндірістік учаскелерде су есептеу құралдарын орнату қажет», - деді Ә. Пазылбекұлы.



Автоматтандыру су арнасының алдағы шығындарын, сондай-ақ дамудың оңтайлы модельдерін құру арқылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға бағытталған мемлекеттік бюджетті оңтайландыруға мүмкіндік береді.


Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында осы жұмыстарды жүргізу үшін бюджеттен шамамен 25 млрд теңге қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#cу #Қазақстан #мәселе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);