AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандық өндірісте іскерлік белсенділік артты...

Қазақстандық өндірісте іскерлік белсенділік артты - Ұлттық банк

Әлеумет 04.01.2023, 13:33 1,099
Қазақстандық өндірісте іскерлік белсенділік артты - Ұлттық банк
Сурет: Ашық дереккөзі

Іскерлік белсенділік индексі желтоқсанда 49,2 болды


Қазақстан қаржы нарығында іскерлік белсенділік индексі динамикасының біршама жақсарғаны байқалады, алайда индекс бұрынғысынша теріс аймақта тұр. Бұл туралы Ұлттық банк ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Маманның мәліметінше, логистикадағы проблемалар мен жеткізу ісіндегі кідірістер – іскерлік белсенділікті тежейтін негізгі себептердің бірі. Іскерлік белсенділік индексі желтоқсанда 49,2 болды.



«Жаңа тапсырыстар мен жаңа өнім көлемі ұлғаюы есебінен өндірісте іскерлік белсенділік артты. Мұнда индекс 50,4-ке дейін көтерілді (қарашада – 49,0). Қалған секторларда индекс 50 шамасынан төмен қалыптасты. Бұл ретте құрылыста көрсеткіштің 46,9-ға дейін біршама жақсарғаны байқалады (қарашада – 45,1). Қызмет көрсету секторында көрсеткіш 49,4 (қарашада – 49,3) күйінде қалып, аса өзгеріс байқалмады. Тау-кен өнеркәсібінде жаңа өнім көлемі, жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі және жеткізу мерзімінің ұлғаюы есебінен іскерлік белсенділік 47,3-ке дейін төмендеді (қарашада – 48,7)», - деп түсіндірді Ұлттық банк өкілі.



2022 жылғы желтоқсанда кәсіпорындардың бизнес жүргізудің болашақ жағдайларына қатысты күтулері нашарлағанымен, жалпы оң позицияда болды. Кәсіпорындар бүгінгі бизнес жағдайларды әлі де теріс бағалап отыр. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағасын білдіретін бизнес-ахуал индексі 2,6-ға дейін төмендеді. Алайда, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.


Кәсіпорындар коммуникацияларға қолжетімділік пен дайын өнімге деген сұранысты оң бағалады. Бизнес жағдайларының қалған факторларында (салық жүктемесі, қаржыға/кредитке қолжетімділік, бизнесті қорғау мәселелері) теріс баға басым.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық банк #Өндірістік іскерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика