Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11 айда 10,3%-ға өсіп, 6,9 трлн теңгеге жетті

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11 айда 10,3%-ға өсіп, 6,9 трлн теңгеге жетті Сурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс саласындағы негізгі жетістіктер туралы баяндады.

Бүгінгі таңда оның үлесі елдің жалпы ЖІӨ-нің 5,6%-ын құрайды. Салада 670 мыңға жуық адам, 53 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

«2024 жылдың 11 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9 трлн теңгеге дейін өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға жоғары. Жалпы, жылдың соңына дейін жоспарланған көлем орындалады», — деп мәлімдеді министр.

Биыл рекордтық түрде 18 млн шаршы метр тұрғын үй енгізу жоспарлануда, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 44%-ға жоғары.

Осы жылдың 11 айында, 16,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылады.

Салаға инвестицияны қарқынды тарту үшін, Үкімет тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша біршама шаралар қабылдады.

«Биыл бұл мақсаттарға барлық көздер есебінен шамамен, 965 млрд теңге қаражат жоспарланған. Бұл 160 мыңнан астам азаматтардың 41 мың жаңа пәтерге көшуіне, мүмкіндік береді. Сонымен қатар осал топтарға қол жетімді құралдарды ұсынуға ерекше көңіл бөлінуде», — деді спикер.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, биыл мемлекеттік қаражат есебінен 22 мыңнан астам жалдамалы пәтер сатып алу үшін, 336 млрд-қа жуық теңге қарастырылған.

Жыл соңына дейін 165 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы 10 мыңнан астам несиелік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. 

Бүгінгі күні, аталған пәтерлер бойынша 2-5%-бен жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы 7 861 несие берілген. 

Тұрғылықты аудандарына инженерлік желілерді тартуға 83 млрд теңге бөлінді. Оның 34 млрд теңгесі, 21,2 мыңнан астам жер телімін инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін болады.

Осы жылдың мамыр айынан бастап, «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында осы жылы 300 млрд теңгеге 12 000 ипотекалық несие беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда шамамен 172,4 млрд теңгеге 6 мыңнан астам несие берілді.

Тұрғын үй саясатын реформалау шеңберінде, жергілікті атқарушы органдардың есепке қою, және үйлерді бөлу функцияларын Ұлттық даму институты – Отбасы банкіне беруді көздейтін Заң қабылданды.

Бұл саясат үй алуды қол жетімді етеді. Тұрғын үйді бөлу, тіркеу күніне, және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады. Бұл ең алдымен ұзақ уақыт бойы кезекте тұратын азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әлеуметтік осал топтарға жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Бұл норма биыл 4 желтоқсанда күшіне енді. Осы шараның арқасында 50 мыңнан астам азамат үйлі болады.

Жалпы реформалау бойынша қарастырылған жаңа өзгерістер келесі жылдың мамыр айында күшіне енгелі отыр. 

Заңсыз құрылыс мәселелерін шешу бойынша, және қала құрылысы құжаттамасын сапасыз әзірлеуді жою үшін, жыл басынан бастап қала құрылысы сараптамасы енгізілді.  

«Барлық жаңадан әзірленген, және түзетілген қала құрылысы жобалары, оның ішінде бұрын жергілікті деңгейде бекітілген егжей-тегжейлі жобалау жоспары, мемлекеттік сараптамалық тексеруден өтеді. Процестерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, барынша азайтылды, сондай-ақ адами факторлар және қол жетімді анықтамалық құжаттарға, заңсыз өзгерістер енгізу мүмкіндігі толығымен жойылды. Құрылыс процесінің барлық қатысушылары үшін, ашықтықты, сапа мен қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында біз құрылыс саласының бірыңғай цифрлық экожүйесін құрып жатырмыз. Ол құрылыс объектісін жоспарлаған сәттен бастап, оны бұзуға дейінгі циклді қамтиды», — деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Қолданыстағы сараптама порталын ауыстыру үшін, жаңа жүйе – ақпараттық модельдердің, мемлекеттік банкін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жүйе сараптамадан басқа, іздестіру және жобалау процестерін қамтитын болады. Бұл жүйені тапсырыс беруші үшін, бір терезе ретінде қолдану жоспарлануда. Яғни, барлық құрылыс қатысушылары, бір интерфейс арқылы жұмыс істейтін болады.

Құрылыс саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында, Құрылыс кодексінің жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісіне енгізілді.

Жобада көзделген шаралар нарықтан жосықсыз құрылысшыларды жоюға, барлық субъектілердің құзыреттілігі мен кәсіби жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жобалау және құрылыстың сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жауапкершілікті сақтандырып, сарапшыларды сертификаттауды енгізу жоспарлануда.

Сейсмикалық белсенді аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, жобалау және құрылыс барысында, сейсмикалық оқшаулау жүйелері қолданылатын болады.

«Жалпы әзірленген тәсілдер, азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін, ашықтықты қамтамасыз етуге, бақылауды күшейтуге, сапа мен жауапкершілікті арттыруға бағытталған», — деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:02

16:00

15:54

15:40

15:35

15:27

15:25

15:05

15:02

14:47

14:40

14:32

14:26

13:31

13:21

13:08

12:57

12:52

12:49

12:35

12:13

11:41

11:37

11:36

11:12