AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Үкіметі қант өндіру тұжырымдамасын дайын...

Қазақстан Үкіметі қант өндіру тұжырымдамасын дайындап жатыр

Әлеумет 30.03.2022, 06:46 1,218
Қазақстан Үкіметі қант өндіру тұжырымдамасын дайындап жатыр
Сурет: Eldala.kz

Онда қант қызылшасын өсіретін өңірлердегі диқандардың ұсыныстары ескеріледі.


Қазақстан Үкіметі қант өндірісін тиімді дамытуды қолға алмақ. Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Алматы облысындағы диқандармен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Министр өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қазіргі жағдайымен, атап айтқанда, қант өндірісінің бүгінгі ахуалымен танысты. Кездесу барысында ведомство басшысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндап, саланы тиімді дамыту үшін Қант өндіру тұжырымдамасы дайындалғанын айтты. Онда қант қызылшасын өсіретін өңірлердегі диқандардың ұсыныстары ескеріледі»,- делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қанат Есболатовтың айтуынша, жыл соңында өңірдегі АӨК жалпы өнімі 1060,7 млрд теңге болады деп күтілуде, өсім деңгейі - 1,5%. Бұл ретте егістік көлемі 974 мың гектардан асты, соның ішінде қант қызылшасы – 6,2 мың га. Қант қызылшасын дамыту жоспарына сәйкес, тәтті түбірдің алаңы жыл сайын ұлғайтылып, 2025 жылға қарай 11,2 мың га болады. Қант өндірісінің көлемі 175 мың тонна, елдің қантқа деген сұранысын 35% жабады. Қант қызылшадан да, қамыстан да өңделетін болады.


Еске салсақ, өткен жылдан бері Көксу қант зауыты қамыс қантын өндіретін желіні іске қосқан болатын. Биылғы жылдан бастап Ақсу қант зауыты да қамыс қантын шығаруға кіріспек. Бұл кәсіпорын жергілікті жердің өңделетін шикізаты қажетті көлемге жеткенше 2025 жылға дейін тек осы дақылға маманданатын болады. Осы мақсатта болашақта кәсіпорынға жергілікті диқандармен қатар тәтті түбір өсіруге жер учаскесін беру жоспарланып отыр. Әзірге Көксу қант зауытының басшылығы шалғай аудандардан кәсіпорынға жеткізілетін шикізаттың тасымалы үшін шаруашылықтарды субсидиялайтын болады. Бүгінгі күні Ақсу қант зауытының өңдеу қуаты 550 мың тонна. Оның қайта жаңғыртуға 14,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, ал Көксу қант зауытының жобалық қуаты – 250 мың тонна, оған инвестордың 4,5 млрд теңге жеке қаражаты құйылған.


Қант стратегиялық маңызды өнім екенін ескере отырып, мемлекет диқандарға қажетті қолдау жалғастырмақ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев облыстың қызылша егетін шаруа қожалықтары өкілдерімен әңгімелесуі барысында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қант өндіру тұжырымдамасы дайындалатынын айтты, соның ішінде қант қызылшасы да қарастырылады.



«Биылғы жылы АӨК дамытуға 309 млрд теңге субсидия бағытталады. Қосымша қаржы бөлу қарастырылып жатыр. Қазір бізге қант өндірісін дамытуға не кедергі болып тұрғанын анықтау керек. Ауыспалы егісті, су ресурстарын, заманауи агротехнологияны дамыту мен енгізуді есепке ала отырып алқапты кеңейтудің нақты көрсеткіштерін есептеуіміз қажет. Ол үшін барлық бағытта жүйелі жұмыс істеп, саланы дамытуды қолға алуымыз керек. Осы сапарымның нәтижесі ретінде сіздердің ұсыныстарыңыз Қант өндіру тұжырымдамасын дайындау барысында ескерілетін болады», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #Қазақстан #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);