Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан шаруаларының сақтандыруға деген қызығушы...

Қазақстан шаруаларының сақтандыруға деген қызығушылығы артуда

Әлеумет 10.06.2022, 09:50 1,055
Қазақстан шаруаларының сақтандыруға деген қызығушылығы артуда
Сурет: Agroinfo.kz

Биылғы жылдың бес айында 184 шарт жасалған.


Соңғы үш жылда елімізде шаруалардың сақтандыруға қызығушылығы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ElDala.kz cілтеме жасап. 


 Агросекторда сақтандыру шарттарының саны 2 есеге артты: егер 2020 жылы 93 шарт жасалған болса, осы жылдың 5 айында өсімдік және мал шаруашылығында 184 сақтандыру шартына қол қойылды. Бұл туралы ElDala.kz Аграрлық несие корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.



«Жыл сайын агросақтандыруға деген қызығушылық артып келеді. Егер 2020-2021 жылдары 254 шарт жасалып, 265,7 мың гектардан астам, 2,6 млн бас жануарлар мен құстар (соның ішінде – ірі және ұсақ мал, жылқы мен құс) сақтандырылған болса, биылғы жылдың 5 айында 184 шарт жасалып, 308 мың гектар және 60 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстары сақтандырылған»,- деп хабарлады Аграрлық несие корпорациясының баспасөз  қызметі.



Ерікті сақтандыру жүйесі жұмысының алғашқы екі жылында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сақтандыру шарттарын жасасуға 350 млн теңге бағыттады, мемлекет тағы 350 млн теңге субсидия түрінде төледі. Осылайша, мемлекет сақтандыру шартын жасасу кезіндегі шығыстардың 50% өзіне алды. Нәтижесінде аграрийлерге сақтандыру жағдайының басталу фактісі бойынша төлемдер сомасы 1 млрд 333 млн теңгені құрады.


АКК ағымдағы жылдың 5 айында төленген субсидия көлемі 500 млн теңгеден асқанын атап өтті.



«2004 жылдан бері қолданыста болған сақтандыру жүйесі міндетті болды және тек өсімдік шаруашылығын ғана қамтыды. 2020 жылдан бастап Қазақстанда ерікті жүйе жұмыс істейді, ол агросектордың кез келген бағытында сақтандыру үшін мүмкіндіктер береді. Бүгінгі сақтандыру өнімдеріне өсімдік шаруашылығын ылғалдың жетіспеушілігінен және артығынан сақтандыру, сондай-ақ ірі қара, жылқы, қой, құстарды сақтандыру кіреді», - деп түсіндірді АНК-да.



Корпорацияда атап өткендей, мемлекет сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде қолдау көрсетеді, бұл шаруалардың шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сақтандыру шарты бағасының 50% аграрий төлейді, 50% мемлекет субсидиялайды. Бұл мақсаттарға 2020-2021 жылдары 3,5 млрд теңге бөлінді.


Сақтандыру шартын жасасу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ: www.qoldau.kz платформасында электрондық-цифрлық қолтаңбаның көмегімен сақтандыру шартын жасасу онлайн қолжетімді.


АНК деректері бойынша Қазақстандағы агросақтандыру жүйесіне әлемдік нарықтағы «А» рейтингімен халықаралық қайта сақтандыру компаниялары тартылған. Олар отандық компаниялар өзіне алатын тәуекелдерді қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру жағдайлары басталған кезде кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етеді.


Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап агросақтандыру операторы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - Аграрлық несие корпорациясы болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шаруа #Қазақстан #сақтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика