Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Франция Балқаш көлі экожүйесін бірле...

Қазақстан мен Франция Балқаш көлі экожүйесін бірлесе зерттейді

Әлеумет 30.04.2025, 12:59 727
Қазақстан мен Франция Балқаш көлі экожүйесін бірлесе зерттейді
Сурет: Gov.kz

Алматыда «Балқаш көлі экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеу» тақырыбында екі күндік семинар өтуде. 

Жиында Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы құжатты дайындауға арналған Жол картасын таныстырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жол картасында Іле-Балқаш бассейнінің жер үсті және жер асты су ресурстарының жай-күйі мен сапасын кешенді түрде зерттеу, Балқаш көлінің деңгейін бақылауға арналған цифрлық платформа құру, су нысандарын автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ басым гидротехникалық құрылыстарды дамыту шаралары қарастырылған.

Бұдан бөлек, Іле-Балқаш бассейнінің су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану бойынша шаралар, сондай-ақ ҚХР-мен бірлесіп су қорғау және тұрақты пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар әзірленген.

Балқаш көлінің бассейні бойынша зерттеу жұмыстары Францияның Даму агенттігі (AFD), Францияның Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) және қазақстандық мамандармен бірлесіп жүргізіледі. Қазіргі уақытта француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш бассейніндегі ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Алматыда өтіп жатқан семинарды Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.

Балқаш көліне қатысты мәселелер ұзақ уақыт бойы жүйесіз, бөлек-бөлек шешіліп келді. Енді осы саладағы жұмыстарды жүйелі және келісілген деңгейге көшіру үшін Балқаш көлін сақтау мен қорғау жөніндегі мастер-жоспар әзірлеуді бастадық. Бұл құжат бассейннің су ресурстарын басқаруда табиғат, экономика және қоғам мүдделерінің тепе-теңдігіне негізделген тұтас, саларалық тәсілді қалыптастыруда маңызды кезең болады. Мастер-жоспарды әзірлеу үшін су, экология, энергетика, ауыл шаруашылығы және Іле-Балқаш өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы сынды барлық негізгі бағыт бойынша кешенді зерттеу мен талдау қажет. Бүгін ұсынылған Жол картасы осы мақсатта дайындалды», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Франция #Балқаш көлі #Экожүйе #бірлесе зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Кеше 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Кеше 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Кеше 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Кеше 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Кеше 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика