Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстан гепатитпен күрес бойынша көшбасшылар сан...

Қазақстан гепатитпен күрес бойынша көшбасшылар санатында

Медицина 28.07.2022, 06:03 1,741
Қазақстан гепатитпен күрес бойынша көшбасшылар санатында
Сурет: Gkb10

28 шілде – Бүкіләлемдік гепатитке қарсы күрес күні.


016 жылы ДДСҰ-ның 2030 жылға қарай С гепатитін жою бойынша жаһандық бағдарламасы басталды. ДДСҰ Қазақстанды осы бағдарламаны орындау бойынша ТМД кеңістігінде және Орталық Азиядағы көшбасшылар санатына қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ortcom.kz сілтеме жасап.


ДДСҰ дерегі бойынша вирусты гепатит әлемде 2 млрд жуық адамның немесе планетадағы әрбір үшінші адамның денсаулығына зиянын тигізді. Әлемде 325 млн адам B немесе С вирусты гепатитпен өмір сүреді. Жыл сайын 900 мыңға жуық адам B вирусты гепатиттен көз жұмады.



Қазақстанда «вирусты гепатит» бойынша 49175 ересек пациент«Д» есебінде тіркеуде тұр. Оның ішінде 23233 пациент С гепатиті, 22977 пациент В гепатиті, 1252 пациент D гепатиті диагнозы қойылған, 5976 пациент бауыр циррозына және тағы 500-ден аса адам бауырдың ГЦК, ХЦК ісігіне шалдыққан. Қазақстан гепатологтары 2018 жылдан 2020 жылға дейін 30 мыңнан аса науқасты С гепатитінен емдеп жазды. Бұл орайда С гепатитінен ем тұрғылықты жері бойынша тегін екенін атап өткен жөн.



Бұған қоса Қазақстанда B гепатитіне қарсы вакцинациялау бағдарламасы жұмыс істейді. 1998 жылдан бері сәбилерге бірінші туған күні-ақ перзентханада вирусты гепатит жұқтырудан қорғайтын вакцина салынады. Республикалық гепатология орталықтарында скрининг зерттеулері жүргізіледі. Қазір мамандардың алдында бұл аурудың пайда болуының алдын алу бойынша кешенді шаралар әзірлеу міндеті тұр.


Отандық гепатология бауырдың асқынған созылмалы ауруларын, оның ішінде гепатитті емдеуге арналған медициналық көмектің барлық түрімен жарақтанған.


Вирусты гепатиттің қаншалықты машақат екенін ескерсек, ҚР денсаулық сақтау жүйесінде бұл аурумен күреске айрықша көңіл бөлінеді – алдын алу, скрининг, емдеу жүйелі жүргізіледі. Ел көлемінде вирусты гепатит, оны жұқтырып алудан сақтық шаралары және оның таралуы жөнінде халықты хабардар қылу мақсатында ағартушылық акциялары ұйымдастырылады. Халық арасында салауатты өмір салты насихатталып, әрбір ересек адамның өзі мен балаларының денсаулығына жауапкершілік сезінуге үндейді.



Гепатит деп бауыр тінінің қабынуын атайды. Гепатиттің А, B, С. Д және Е деп жіктелетін бес негізгі типі бар. Олардың ішінде өлімге душар қылатыны B және С гепатиттері: жыл сайын 1,4 млн адамның өмірін жалмайды. Бауыр циррозына алып келетін басты себептердің ішінде вирусты гепатиттер, алькогольді және алкогольді емес ішімдіктен бауырды май басу (гепатоз), сондай-ақ бауырдың аутоиммундық және метаболизмдік аурулары аталады.



Гепатиттен екі жолмен қорғануға болады:


1)Гигиена сақтау (бұл А және Е вирустарын қорғану үшін маңызды), қан құю кезінде және жыныстық қатынас кезінде абай болу – бұл B және С гепатиттерінен сақтануға көмектеседі;


2)Екпе алу немесе вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қабылдау. Әдетте вакцина адамға А және B гепатиттерінен сенімді қорғаныш болады, ал дәрі-дәрмектер 95% жағдайда тиімділігін көрсетіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#гепатит #Қазақстан #Күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика