ffin.kz

Қазақстан демографиясы. Түркі тілдес халық саны өсіп келеді

Қазақстан демографиясы. Түркі тілдес халық саны өсіп келеді Суретті түсірген - Самат

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 3 ұлттық санақ өтті. Бұл санақтар сол заманның саясатына қарай түрлі әдіснама негізінде жүргізілді. Әсіресе, халықтың этникалық құрамына қатысты статистикаға саяси фактор әсер етті. Мемлекет құраушы қазақ этносының өз елінде аз халыққа айналуы басты себеп еді. Уақыт өте келе, санақ нәтижелері қазақ этносының санының ұдайы өсіп жатқанын көрсетті. Оған Ұлттық статистика бюросының мәліметтерін талдау арқылы көз жеткіздік.


Санақ – саясаттың жалғасы


Қатардағы азамат санақ не үшін қажет деп сұрауы мүмкін. Тіпті, оған қарсылары да бар. Олардың басты аргументі қыруар қаражат кетеді дегенге саяды. Ал шындығында, халықтың әлеуметтік-демографиялық жағдайы, тіл, сенімі және өзге де сұрақтар мемлекеттің саясаттың алдағы 10 жылда қайда бағыт алатынына жауап береді. Әсіресе, біз секілді полиэтникалық мемлекет үшін санақ жүргізіп отыру маңызды.


1991 жылдан бері елімізде 1999, 2009 және 2021 жылдары ұлттық санақ өтті. Соңғы санақ 2019 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда, күрделі экономикалық жағдай мен пандемия оны кейінге шегеруге мәжбүр етті.


Барлық ұлттық санақ нәтижесі көрсеткендей саны жағынан елімізде 7 үлкен этнос өкілдері бар. Оларға қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар мен немістер кіреді.


1999 және 2009 жылдардағы санақтарда тұтас этностардың саны мен өсімі көрсетілді. Ал 2021 жылғы санақта халықтың этникалық құрамы өңірлер бойынша да бөлінді. Мұндай талпыныс 1999 жылы да жасалған. Алайда, тек қазақтардың өңірлердегі саны ғана есептелген. Мұның да саяси астары болды. Мемлекет 1999 жылы іштей бөлінушіліктің алдын алу үшін өңірлер бойынша этникалық құрамды көрсеткен жоқ. 2009 жылғы санақта да ол көрсетілмеді.


2021 жылы барлығы 14 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қалада сауалнама өтті. Өңірлер бойынша этникалық құрамды көрсету, мемлекеттің бұл бағыттағы саясатының өзгергенінің айғағы.


Қазақтар, өзбектер мен ұйғырлардың саны өсуде


2021 жылғы ұлттық санақ бойынша қазақтардың саны 13,5 млн-ға таяп қалған. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда, 34%-ға көп. Мұндай өсім 2009 жылы да тіркелген. 1999 жылмен салыстырғанда, мемлекет құраушы этностың саны 26%-ға өскен.


Жоғары өсімді өзбек этносы да көрсетіп келеді. 2021 жылы олар 614 мыңнан асты. 2009 жылмен салыстырғанда, 34%-ға өскен. Осылайша өсім көрсеткіші бойынша қазақ этносымен теңесті. Айта кететіні, 2009 жылы оған дейінгі санақпен салыстырғанда өсім көрсеткіші 23,3%-ды құрап еді.


Өсім бойынша ұйғыр этносы да жақсы нәтиже көрсетуде. 2021 жылы олардың саны 290 мыңнан асты. Алдыңғы санақпен салыстырғанда, өсім 29%-ды құрады. 1999 жылғы санақ нәтижесімен салыстырғанда, бұл өте жақсы көрсеткіш. Себебі, 2009 жылы 6,8%-ға өсіп еді.


Татарлар 2009 жылғы санақта төмен нәтиже көрсеткенімен, соңғы нәтижелері жаман емес. 1999 жылмен салыстырғанда, 18%-ға азайса, 2021 жылы 7%-ға өскен. Десе де, жалпы соңғы 20 жылда олардың саны азаюда.


Орыс этносының саны соңғы 30 жылда екі есеге кеміген. 1989 жылғы Кеңес үкіметі кезінде жүргізілген санақта олардың саны 6 млн-нан астам болған. Ал 2021 жылғы санақта 3 млн-ға жетпеді. Оған 1990 жылдардағы миграция мен туу көрсеткішінің аз болуы әсер етіп отыр. 2009 жылы 4,4 млн болып, 1999 жылмен салыстырғанда, 15%-ға азайған. Ал 2021 жылы 21%-ға төмендеген.






















































Этностар



2021 жылғы саны



2009 жылғы санақ


1999 жылмен


салыстырғандағы өсім



2021 жылғы санақ


2009 жылмен


салыстырғандағы өсім



Қазақтар



13 497 891



26%



34%



Орыстар



2 981 946



– 15,3%



– 21%



Өзбектер



614 047



23,3%



34%



Украиндар



387 327



– 39,1



16%



Ұйғырлар



290 337



6,8%



29%



Татарлар



218 653



– 18%



7%



Немістер



226 092



– 49,5%



27%



 


Орыс этносымен бірге украиндар мен немістердің де саны төмендеген. 2009 жылы ТОП 7 этностың ішінде саны жағынан ең азайғаны немістер. Олар 1999 жылмен салыстырғанда, 50%-ға жуық төмендеген. 2021 жылғы 27% өсімнің өзі 1999 жылғы көрсеткішке жетпейді.


 


 





































































































1989 (жалпы халықтың ішінен, пайызбен)



1999 (жалпы халықтың ішінен, пайызбен)



Республика бойынша



40,1



53,4



Ақмола облысы



25,1



37,5



Ақтөбе облысы



70,7



55,6



Алматы облысы



45,1



59,4



Атырау облысы



79,8



89



ШҚО



38,9



48,5



Жамбыл облысы



48,8



64,8



БҚО



55,8



64,7



Қарағанды облысы



25,8



37,5



Қостанай облысы



22,9



30,9



Қызылорда облысы



87,8



94,2



Маңғыстау облысы



50,9



78,7



Павлодар облысы



28,5



38,6



СҚО



22,6



29,6



ОҚО



55,8



67,8



Астана



17,7



41,8



Алматы



23,8



38,5



 


 


 


Қазақтардың саны өңірлерде басым


1999 жылғы санақ бойынша қазақтардың саны өңірлерде әр алуан болған. Республика бойынша халықтың 53,4%-ын қазақтар құраған. Өңірлерде де жағдай мәз емес еді. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Маңғыстау және ОҚО (қазір Түркістан облысы мен Шымкент қаласы) облыстарында қазақтардың үлесі 50%-дан астам болды. Ақмола, Қостанай, Павлодар және СҚО мен Қарағанды облыстарында мемлекет құраушы этностың саны 40%-ға жетпеді. Астана мен Алматы қалаларында да жағдай нашар еді.


Әйтсе де, титулды этностың өсімінде оң өзгеріс байқалды. Себебі, 1989 жылғы жағдай бұдан да нашар болатын. Республикада 40%, қалған өңірлерде де осыған сай төмен көрсеткіш еді.


Ал 2021 жылы мүлдем басқа этникалық картина қалыптасты. Қазақ, өзбек және ұйғыр этностары тек республика бойынша емес, өңірлерде де жақсы өсімді көрсетті. 2009 жылмен салыстырғанда, қазақтар қарқынды өсуде. Олардың өсіміне қатысты мәліметтерді сараптай келе келесі қорытындыларды шығаруға болады:


Біріншіден, Астана (ол кезде «Нұр-Сұлтан»), Алматы және Шымкент қалаларындағы қазақтардың саны күрт артқан. Мысалы, 1989 жылы Астанада тұратын қазақтардың үлесі 18%-ға жетпеген. Алматыда 24%-ға жетер-жетпес. Ал 10 жылдан кейін олардың үлесі 40%-ға жеткен. Оған қазақтардың осы қалаларға үдере көшуі себеп болып отыр. Әсіресе, Астанаға көшу процесі тоқтар емес. Бұл жергілікті билік және мемлекет тарапынан урбанизация мәселесіне көңіл бөлуді талап етеді.


Екіншіден, әлі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысында өсім төмен. 2009 жылмен салыстырғанда, СҚО-да 2%, ал ШҚО-да 8%-дық өсім тіркелген. Соған қарағанда, Шығыс Қазақстанды екі облысқа бөлу туралы шешім бекерге қабылданған жоқ.


Өзбек этносының көп бөлігі Түркістан және Жамбыл облыстарында қоныстанған. Түркістан облысында 362 мыңнан асса, Жамбылда 29 мыңға жақын. Өсім көрсеткіші де жоғары. Ал ұйғырлардың басым бөлігі Алматы облысы мен Алматы қаласында өмір сүреді. Облыста 162 мыңнан асса, қалада 112 мыңнан астам.


 














































































Өңірлер



2009 жылмен салыстырғандағы өсім (%)



Ақмола облысы



25%



Ақтөбе облысы



28%



Алматы облысы



34%



Атырау облысы



35%



ШҚО



8%



Жамбыл облысы



22%



БҚО



22%



Қарағанды облысы



21%



Қостанай облысы



12%



Қызылорда облысы



21%



Маңғыстау облысы



57%



Павлодар облысы



20%



СҚО



2%



Түркістан облысы



16%



Астана


(Нұр-Сұлтан)



136%



Алматы



66%



Шымкент



76%



 


Түйін


Жалпы алғанда, этникалық өсім солтүстік өңірлерде төмен. Бұл мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлетін мәселе екені сөзсіз. Мұнда әсіресе, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына назар аудару қажет. Себебі, тұрғындардың әл-ауқаты өңірдегі түрлі саладағы дау-жанжалдардың туындауына әсер етеді.


«Аlmaty-akshamу», №94. 8 тамыз, 2023 жыл

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32