AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан бизнесі біртіндеп төлем картасына үйрені...

Қазақстан бизнесі біртіндеп төлем картасына үйреніп келеді

Экономика 24.08.2021, 14:27 928
Қазақстан бизнесі біртіндеп төлем картасына үйреніп келеді
Сурет: Thecity.m24.ru

Бір жылдың ішінде картамен төлем алу көрсеткіші 2,4 есеге өсіп, 30 триллион теңгені құраған.


Қазақстандық кәсіпорындар төлемді карта арқылы қабылдауды әдетке айналдырып келе жатыр. Бір жылда төлем картасы арқылы төлем алатын кәсіпорындардың саны 210 мыңнан асқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz cайтына сілтеме жасап.


Коронавирус пандемиясы орта және шағын бизнес жұмысына өз әсерін тигізіп, айтарлықтай кері әсер етті. Мұнымен қоса карантин, локдаун ары қарай өз зиянын тигізіп жатыр. Сол себептен көптеген кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатты. Мәселен, үстіміздегі жылдың тамыз айында белсенділігін төмендеткен кәсіпорындар саны 19,3 мыңға жетті.  


Алайда көптеген компаниялар бар жағдайға бейімделе білді. Қолма-қол ақшасыз жұмыс істеу инфрақұрылымының дамуына байланысты кәсіпорындар өз жұмысын онлайн-режимге ауыстырды. Бұл өз кезегінде олардың жұмысын оңтайландырды. Өткен жылдың ортасынан бастап шағын кәсіпорындардың саны азайса, үстіміздегі жылдың басынан бері олардың саны 2,8% өсті.


Үстіміздігі жылдың алты айында төлемді карта арқылы қабылдайтын компаниялардың саны 210,8 мыңға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда (101,5 мың)екі жарым есеге көп болып келеді. Осы арқылы өз жұмысын автоматтандырған компаниялардың саны өскенін байқауға болады. РOS-терминалдардың саны айтарлықтай өскен (бір жылда +86,9%), бұл да кәсіпорындардың пандемия кезінде қазіргі заман талаптарымен сай жұмыс істеп жатқанын байқатады.   


Жалпы, бизнестің онлайн-форматқа көшкені іскерлік белсенділікке оң әсерін тигізді: осы жылдың наурызында іскерлік белсенділік индексі пандемия басталғалы бері бірінші рет оң аймаққа өтті.



Республика бойынша,төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорындардың саны Алматыда (51,4 мың), Нұр-Сұлтанда (34,8 мың) және Қарағанды ​​облысында (16,6 мың) көп тіркелген.


Төлемнің инновациялық шешімдерінің пайда болуының арқасында қолма-қол ақшасыз операциялар ақша айналымын алмастырады. Осылайша, 2020 жылы Қазақстанда тұңғыш рет төлем карточкалары бойынша ақша қаражаттарының жалпы айналымындағы қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 32%-ға қарсы 68%-дан асып кетті. Ал ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 75,4%құрады



Жалпы, ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі бір жыл ішінде 2,4 есе өсіп, 30 трлн теңгеге жуықтады (бір жыл бұрын - 12,4 трлн теңге). Төлемдердің 82,7%-ы Интернет пен ұялы телефон арқылы онлайн режимінде жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #Қазақстан #төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);