ffin.kz

Қарбалас дипломатиялық алмасулар аймақтағы күштер теңгерімі өзгере ме?

Қарбалас дипломатиялық алмасулар аймақтағы күштер теңгерімі өзгере ме? schellhammerbusinessschool.com

Орта Азиядағы дипломатиялық іс-қимылдардың жиілігі сырт тараптың да назарын аудартады. Ресей Президентінің Қазақстанға сапарынан кейін аймақтағы қызып жатқан бәсеке шетелдік ақпарат құралдарында да көптеп талқыланды. Отандық және шетелдік сарапшылар аймақтың геосаяси маңызының арта түсуіне түрлі қырынан себеп тауып көрсетеді. Бірі әлемдегі энергия көздеріне болған сұраныстың жаңа деңгейге көтерілуі десе, енді бірі ірі державалардың бәсекелік қарым қатынасында деп санайды. Қалай болған күнде де бұл үрдіс Қазақстанды қамтыған осы аймақтағы ішкі интеграцияға, сондай-ақ, күштер теңгеріміне де өз әсерін беруде. Тіпті, бұған дейін Мәскеудің дәстүрлі ықпал етуші елдеріне ендігі жерде АҚШ, Қытай, Еуропалық одақ немесе Иран сынды өзге күш орталықтары таласып жатыр ма деген қауесеттер де еміс-еміс естіліп қалады. Олай болса, қарбалас дипломатиялық алмасулардың сәл саябырсыған тұсында, аймақтағы жағдайға тағы бір назар аударып көрмекпіз.


 


Белсенді іс-қимылдар мен қадамдар


Биыл аймақ елдері үшін тәуелсіздігінен бері қарай дипломатиялық іс-қимылдарға толы, ең бір қарбаласы дипломатиялық жыл болғандай. Әсіресе мамыр айынан бастап Орта Азия сырттағы ірі күш орталықтарымен ай құрғатпай дипломатиялық алмасулар жасады. Мамырдың орта шенінде Қытайдың Сиань қаласында «Орта Азия – Қытай саммитінің» өтуі аймаққа қызығушылық танытқан өзге тараптың да белсенділігін бірден оятты. Әрине, Сиань саммиті аймақтың геостратегиялық маңызының артуындағы бастау нүктесі немесе символдық шекара емес. Одан бұрын да ішкі-сыртқы факторлардың әсерінен Орта Азияның маңызы айқындала түскен болатын.


Сиань саммитінің ыстық-суығы басылмай жатып, маусымда аймақтағы бес елдің президенттері Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен бас қосты. ОА және Еуропа аймақтарың арасындағы аталмыш саммит қырғыздың Чолпан-Ата қаласында өткен еді. Жаз айларында да аймақтағы сыртқы сапарлар болып тұрды. Аймақ елдерімен бірқатар елдер жеке-жеке де сапарлар жасап жатты. Немесе аймаққа шетел басшылары келіп-кетті.



Күздің басында ОА бес елінің басшысы Берлиндегі түскі аста Олаф Шольцпен бірге түстеніп, ОА-Германия арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады. Осыдан кейін көп өтпей Нью-Йоркте Орта Азия мен Америка Құрама Штаттары ортасындағы С5+1 форматындағы кездесу өтті. Алқалы жиын  АҚШ пен аймақ ортасында тарихта алғаш рет жоғары деңгейде өткен кездесу болып есте қалды. Бұл жолы АҚШ президенті Жо Байден ақсақал мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзеев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, тәжік елінің басшысы Эмомали Рахмон бас қосқан тарихи кездесу болды.



Қара күз түсіп, қараша басталғанда Қазақстан мен Өзбекстанға Франция лидері Эммануэль Макрон ресми сапар жасады. Араға күн салып Түркі мемлекеттерінің басшылары тегіс жиылып, Астанада мерекелік жиын өткізді. Қатарында Еуропа жерінен Мажарстан премьері де болды. Ал, келесі аптада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің ұшағы да Астана әуежайына қонды. Мінеки, егер ірі дипломатиялық алмасуларды тізбелесек, аймақтағы саяси жүрістердің қарқыны өзі-ақ көрініп тұрғандай.


 


Көпвекторлы саясат позициясы


Кеңес одағының ыдырағанына 30 жылдан астам уақыт өтсе де ОА Мәскеудің дәстүрлі ықпал ету кеңістігі саналып келді. Аймаққа қызығушылық танытқан қандай да бір күш орталықтарының аймақтағы қадамы Мәскеудікімен салыстыруға келмейтіндей деңгейде болды. Сырт тарап көбінше аймақ елдерімен тек экономикалық мүдделер тұрғысынан ғана қарым-қатынастарын дамытып келді. Саяси мүддеге басымдық берілген емес және бұған Ресейдің жол бергісі де жоқ еді. Украина мәселесінен кейін аймақта жаңа өзгерістер басталды және бұл осыған дейінгі уақытпен салыстырғанда тым қарқынды дамыды. Себебі, 2022 жылы ақпаннан бастан Ресейдің Орта Азиядағы өз позициясын ұдайы қорғап, жіті қарап отыруға мұршасы болмағандай еді. Бұл кейбір шетелдік сарапшылар жағынан ашық айтылып та жатты.



Әрине, көрер көзге қазірге дейінгі үрдіс аймақта Ресейге балама жаңа күштер өсе түскендей көрінеді. Ал шындап келгенде жағдай ол деңгейге жете қойған жоқ. Украинадағы жағдай Ресейді барлық салада әлсіреткен болса да, Қазақстанды қамтыған аймақ әлі де солтүстік көршісінің белсенді ықпалын сезіп тұр. Ресми астана Ресей Президентінің елімізге жасаған сапарында дипломатиялық ұтқырлық арқылы өзінің маңызды серіктес әрі одақтас елмен тату көрші болып қала беретінін тағы да бір көрсетті. Шын мәнісінде бұл Қазақстанның ғана емес, аймақтағы барлық елдердің Ресейге қаратқан сыртқы саясаты. Сырт тараптан бұндағы іс-қимылдар бәсеке, талас-тартыстай көрінері, немесе мақсатты түрде солай суреттелуі мүмкін. Бірақ, аймақ ішінде тұрған біз үшін бұл мүдделі тараптармен теңдей мәміле құрып, көпвекторлы саясатты ұстану болып саналады. Бұны аймақ позициясы деуге де болады.



 АҚШ, Қытай, ЕО (ондағы Германия мен Франция), Иран және Үндістан сынды мүдделі тараптар әлі де Ресейдің аймақтағы ықпал деңгейіне теңесе алмады. Шындап келгенде аймақтағы Мәскеу ықпалының әлсіреу үрдісі басталған болса да, бұл тым ұзақ уақтты алатын үрдіс екенін ескеруге тиіспіз. Оның үстіне Мәскеудің аймақтағы белсенділігі белгілі деңгейде Уркинадағы жағдайға байланысты. Егер ондағы жағдайды бағамдайтын болсақ, жауаптасқан соққылар бұрынғыдан көрі байыпты бола түсті. Бұған қарап тараптар ұзақ уақытқа созылатын теке-тірес күйіне ауысып жатқанын түсінуге болады. Демек, Ресей үшін енді Оңтүстік Кавказ бен Орта Азиядағы өз позициясын қайта пысықтауға орай туу да мүмкін. Соның өзі аймақтағы сыртқы күштердің бәсекесі де ұзақ уақытты алатын үрдіс екенін түсіндіргендей. Яғни, аймақ елдері ұзаққа созылатын сындарлы кезеңге дайын болуға тиіс.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43