AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қант диабетін анықтау 108 мың теңге тұрады

Қант диабетін анықтау 108 мың теңге тұрады

Әлеумет 12.11.2024, 12:04 800
Қант диабетін анықтау 108 мың теңге тұрады
almaty-akshamy.kz

МӘМС: Алматыда сақтандыру есебінен ең көп қолданылатын консультативтік-диагностикалық қызметтер қандай? 

2024 жылы алматылықтар МӘМС есебінен 1156 консультативтік-диагностикалық қызмет түрін пайдаланған. Осы жылдың 9 айында Медициналық сақтандыру қоры аталған қызметтерге 18,1 млрд теңге жұмсады, деп хабарлайды МСҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, оңтүстік астанада жұртшылық арасында акушер-гинекологтарға деген сұраныс жоғары. Жүгінген халық санына шаққанда одан кейінгі орындарға офтальмолог,  неврапотолог, хирург, оториноларинголог және эндокринолог мамандар жайғасқан. 

МӘМС пакетінде тиреотропты гормон (ТТГ), D дәрумені, еркін тироксин (T4), жатыр мойнынан алынған материалды цитологиялық тексеру (ПАП-тест және гемокульт-тест) сынды зерттеулерге деген сұраныс жоғары. 

Ал, ең қымбат анализ – геннің мутацияға ұшырау деңгейін анықтайтын KRAS анализі. ПЦР әдісімен жасалатын анализ ісік пайда болған тіннен алынады. Тест организмде глюкозаға толеранттылықтың қаншалықты бұзылғанын анықтап, қант диабетін клиникалық белгілер байқалмай тұрып ерте анықтауға көмектеседі. МӘМС пакетінде бұл анализ шамамен 108 мың теңге тұрады. 

Консультативтік-диагностикалық қызметтер арасында ең қымбаты – MARS жасанды бауыр аппараты арқылы жасалатын альбуминді диализ, құны 2,1 млн теңге. Медициналық көмектің бұл түрі бауыр жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарға көрсетіледі.

Компьютерлік диагностика арасындағы ең қымбаты – бір фотонды эмиссионды компьютерлік томография, құны 87 мың теңге. 
Филиал сарапшыларының сөзіне сүйенсек, сақтандыру енгізілгелі бері КТ мен МРТ-ға деген сұраныс артқан. 2024 жылдың 9 айында 35 мың компьютерлік томография жасалған, оған Қор 594,8 млн теңге төледі. Сонымен қатар, 48 мың МРТ қызметі үшін 686,8 млн теңге төленген.  

Ұсынылып отырған мәліметтер МСҚ Аналитика орталығынан алынды. Орталық медицина саласындағы ауқымды мәліметтерді жинақтап, анализ жасауға, тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Аналитика орталығы арқылы 500-ге жуық ауқымды көрсеткіш визуализацияланды. Power BI, Superset, QlikSense бағдарламаларының көмегімен 18 базадан мәлімет жинақталады. Бұл медицина саласында туындаған қауіп-қатерлерді саралап, медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аналитика #анализ #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04

Павлодарда боранда көліктерге жол көрсетіп, 4 шақырым жаяу жүрген әйел марапат алды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика