Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда колледж ұстаздары арасында «Ұстаз барысы...

Алматыда колледж ұстаздары арасында «Ұстаз барысы – 2025» турнирі өтті

Барлығы 27.10.2025, 17:35 452
Алматыда колледж ұстаздары арасында «Ұстаз барысы – 2025» турнирі өтті
сурет: автордан

23 қазан 2025 жылы Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде ұстаздар арасында қазақ күресінен өткен дәстүрлі «Колледж ұстаз барысы – 2025» турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл турнир Алматы қаласы әкімінің өкімі және 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №34-Ө бұйрығы негізінде өткізіліп, қала колледждері арасындағы дене шынықтыру мен ұлттық спортты дамытуға бағытталды.

       Жарыстың ашылу салтанаты ерекше рухты атмосферада өтті. Салтанат аясында сөз сөйлеген Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің…

Алматыда колледж ұстаздары арасында «Ұстаз барысы – 2025» турнирі өтті

       23 қазан 2025 жылы Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде ұстаздар арасында қазақ күресінен өткен дәстүрлі «Колледж ұстаз барысы – 2025» турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл турнир Алматы қаласы әкімінің өкімі және 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №34-Ө бұйрығы негізінде өткізіліп, қала колледждері арасындағы дене шынықтыру мен ұлттық спортты дамытуға бағытталды.

       Жарыстың ашылу салтанаты ерекше рухты атмосферада өтті. Салтанат аясында сөз сөйлеген Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің директоры Джунисалиев Жанболат Сманұлы спорттың адам өміріндегі рөліне тоқталып, қазақ күресінің – ұлттық рух пен батырлықтың символы екенін атап өтті. Ол ұстаздардың тек білім беріп қана қоймай, жас ұрпаққа үлгі болар денсаулық пен ерік-жігер иесі екенін айрықша атап өтіп, турнирге қатысушыларға тек жеңіс емес, татулық пен достық тіледі.

 

        Турнирге қаламыздың бірқатар колледждерінің ең мықты, ең білекті ұстаздары жиналып, палуандық өнерін көрсетіп, спорттық шеберліктерін паш етті. Белдесулер екі салмақ дәрежесі бойынша өтті:

80 келіге дейін

80 келіден жоғары (Түйе палуан)

        Спорттық тартыс қызу өтті. Әр белдесудің өз тактикасы, өз күресі болды. Палуандардың қайсарлығы мен төзімділігі көрермендерді тәнті етті. Трибуналарда әріптестер мен студенттер ұстаздарына ерекше қолдау көрсетіп, залды жігерлі ұранға бөледі.

        Жарыс «Qazaq kuresi» ассоциациясы бекіткен ережелерге сәйкес ұйымдастырылды. Төрешілік міндет Алматы қаласы қазақ күресі федерациясының халықаралық деңгейде тәжірибесі бар мамандарына жүктелді.

Бас төреші: Қапбаров Азиз

Бас хатшы: Белгібаев Ержан

        Жеңімпаздар арнайы дайындалған кубоктар мен медальдарға ие болып қана қоймай, әлеуметтік серіктестер мен демеушілердің қолдауымен ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

 

I орын – 100 000 теңге

II орын – 70 000 теңге

III орын – 50 000 теңге

       Турнир барысында ұстаздар қауымы өзара тәжірибе алмасып, спорт мәдениетін ілгерілету жөнінде пікір бөлісті. Ұлттық спорттың мәртебесін арттырып, ұстаздар арасында спорттық достастықты нығайтатын мұндай жарыстардың жалғасы болатынына сенім білдірілді.

       Бұл турнир — тек жарыс емес, ұстаздар беделін, дене тәрбиесінің маңызын, ұлттық болмысымызды салмақтайтын мәні зор шара болды.

                                                                                                         

Материалдың авторы:

Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледж

Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыОмарова Күнімай Нұрлыбайқызы

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж #көпсалалы колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика