Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден ке...

Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген жанкүйерлер «Қайрат» пен «Астана» матчына Алматыға жиналды

Барлығы 26.10.2025, 16:50 493
Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген жанкүйерлер «Қайрат» пен «Астана» матчына Алматыға жиналды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Премьер-лигасының басты ойыны — «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесу тек еліміздің емес, шетелдік жанкүйерлердің де назарын өзіне аударған айтулы оқиғаға айналды.

26 қазан күні Алматының Орталық стадионында мыңдаған көрермен чемпиондық алтын тағдырын шешетін тартысты матчты тамашалау үшін бас қосты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Орталық стадион қақпасына алғашқылардың бірі болып Өскеменнен келген 16 жастағы Тимур Мейрамғалиев жетті. Ол ата-анасы және інілерімен бірге арнайы осы матчқа ат басын бұрған.

— Бүгінгі ойынды өткізіп алу мүмкін емес. Елдің ең мықты екі клубы кездеседі, бұл біздің мақтанышымыз. Әсіресе, өзім қатарлы Сәтбаевтың ойынын асыға күтіп жүрмін. Бүкіл отбасымызбен «Қайратты» қолдаймыз. Мен сегіз жасымнан футбол ойнаймын, енді інілерім де айналыса бастады. Әкем де бұрын ойнаған, футбол біздің отбасылық дәстүріміз. Футболға бір рет ғашық болсаң, ол өмір бойы жалғасады, — дейді Тимур күлімсіреп.

Жанкүйерлер арасында «Қайратты» жай ғана команда емес, өмірінің бір бөлшегіне айналдырғандар да бар. Алматылық Данил Коркешко өз естелік бөлісті:

— «Қайрат» менің туған командам. Бұрын өзім де осы клубтың сапында ойнағанмын. Бұл жолы жеңіс күтемін, ең азы 3:0 есебімен аяқталсые. Биыл «Қайрат» тіпті «Реалмен» кездескен еді, енді басты мақсат — чемпион болу. Сонда бәлкім, келесі жолы «Барселона» сияқты әлемдік клубтар да келер. Өкінішке қарай, жарақат салдарынан ойнамаймын, бірақ жүрегім әрдайым командаммен бірге, — дейді ол.

Көрермендер арасында ағылшын жанкүйерлері де бар. Солардың бірі Манчестер қаласынан келген танымал блогер және StuntPegg атты YouTube-арнасының авторы Нив Петруцциелло.

— Қазақстан туралы жақында ғана естідім, бірақ бәрін өз көзіммен көру қызық болды. «Қайрат» жайлы көп оқыдым. Өзім футболмен тыныстайтын қала — Манчестерденмін. Білемін, бірнеше жыл бұрын «Манчестер Юнайтед» «Астанамен» ойнаған. Енді «Қайрат» пен «Астананың» ойынын көруге келдім, екеуі де өте мықты командалар, сондықтан ойын әсерлі болатыны анық, — деді Нив.

Қазақстан мен шетелден келген жанкүйерлерді біріктірген бұл матч елдегі спорт инфрақұрылымының дамуын және Алматының ірі спорттық орталық ретіндегі мәртебесін айқын көрсетті. Көрермендердің қолдауы ойынға ерекше рух пен атмосфера сыйлады. Осылайша, Алматы тағы да өз мәртебесін — Қазақстанның спорт астанасы екенін дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қайрат-Астана #матч #шетелдіктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика