AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда әскерге шақырылушыларға арналған жаңа жин...

Алматыда әскерге шақырылушыларға арналған жаңа жинақ пункті ашылды

Барлығы 26.10.2025, 14:44 565 dulatbekova
Алматыда әскерге шақырылушыларға арналған жаңа жинақ пункті ашылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қала әкімдігі әскерге шақыру науқанының тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып келеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Негізгі бағыттардың бірі – қалалық жинақ пунктін (ҚЖП) орналастыру мәселесінің шешілуі болды. Қала әкімі тапсырмасы бойынша ҚЖП Түрксіб ауданында, В. Беринга көшесі, 31 мекенжайындағы бұрын Алматы қаласының ІІМ академиясы орналасқан ғимаратқа ауысты.

Жалпы ауданы 2800 шаршы метр, іргелес аумағы 0,63 гектар нысан толық пайдалануға дайын және қазіргі заманғы қауіпсіздік пен инфрақұрылым талаптарына толық сәйкес келеді. Ғимаратта акт залы, спорт залы және асхана бар, бұл әскерге шақырылушылар мен қызметкерлер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне беріліп, Алматы қаласының мобилизациялық дайындық және аумақтық қорғаныс қызметінің балансына бекітілді.

Биыл Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жөндеу барысында инженерлік желілер жаңартылып, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары атқарылды. Бұл қызметкерлер мен әскерге шақырылушылар үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Бұған дейін, 2019 жылдан бастап, қалалық жинақ пункті уақытша Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» РМК базасында (Бостандық ауданы) орналасқан болатын. 2025 жылдың көктемінде 1 686 адам, ал күзгі әскерге шақыру кезінде 1 930 адам шақырылғанын ескере отырып, пунктті жаңа, арнайы бейімделген ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданды.

Әскерге шақыруға дайындық және оны өткізу жұмыстары қаланың барлық ауданында белсенді түрде жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскерге шақырушылар #жинақ пункті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);