Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс II сессиясында сөйлеген сөзінен:
Сіздерді депутаттық мандатқа ие болуларыңызбен құттықтаймын.
Қала тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешудің сапасы сіздерге байланысты.
Жергілікті ерекшеліктерді біліп, тұрғындармен қарым-қатынас жасап, өз білімдеріңізді қолдану арқылы біздің мегаполистің дамуына айтарлықтай үлес қосасыздар.
Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыруға қатысқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Біз бірлесіп, бюджетті нақтылаудың теңгерімді жобасын жасадық.
Біздің бірлескен жұмысымыздың жемісті болатынына сенімдімін. Қала тұрғындары мегаполис аумағында жайлы өмір сүретін болады.
Сіздердің қарауыңызға енгізілетін бюджетті нақтылау жобасында әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі параметрлері ескерілген.
Бүгінгі таңда өткізілген сатып алу рәсімдерінен үнемделген қаражаттың, сондай-ақ салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуінің арқасында қала экономикасына қосымша инвестициялар салуға мүмкіндік бар.
Жалпы, бюджетті нақтылау бюджеттің 74,6 млрд теңгеге қосымша кірістерін қалыптастыру есебінен жүргізіледі:
- өткен жылдан қалған бос қалдықтарды пайдалану 183,1 млрд. теңге;
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында 7,7 млрд.теңге сомасында бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу (МТ үнемдеу – 190,1 млн. теңге, алу – 7,6 млрд. теңге).
Аталған қаражат қаланың тіршілігін қамтамасыз етудің қызмет атқаруына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады.
Жалпы, әлеуметтік салаға 2023 жылғы бюджет шығыстарының шамамен 30,4%-ы жұмсалады, бұл шамамен 79 млрд теңге
Білім беру саласына 24,9 млрд. теңге қарастырылған.
«Саялы-2» шағынауданында 550 орындық мектеп құрылысын жалғастыруға және 59 мектеп-гимназия ғимаратын қайта жаңартуға 2 млрд. теңге қарастырылған.
Балабақшалардағы орын тапшылығын азайту мақсатында "Ақжар", "Алтын бесік", "Жас Қанат" шағынаудандарында 3 балабақша салуға 764,3 млн. теңге бөлінеді. Бұл 700-ге жуық баланы қамтуға мүмкіндік береді.
Алатау және Наурызбай аудандарында 2 инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысы аяқталуда. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінуде.
9 әлеуметтік нысан бойынша (5 мектеп, 2 балабақша, 1 инновациялық шығармашылық орталық және 1 колледж жатақханасы) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 406,7 млн. теңге қарастырылған.
Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарында 4 мектепте және 2 балабақшада сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп жатыр. Оған 3,3 млрд. теңге бөлінеді.
Денсаулық сақтау саласына 8,4 млрд. теңге қарастырылған.
Сирек кездесетін (орфандық) аурулардың 3 түрі бойынша 11 пациентті тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 547 млрд теңге көзделген.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуге 230 млн. теңге көзделеді
Жетісу ауданында жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 3 жаңа емхананы одан әрі жабдықталуына құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізу көзделуде.
14 денсаулық сақтау ұйымында жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге жаңа лифт сатып алу және қолданыстағы лифт жабдығын ауыстыру жоспарланған.
№7 қалалық аурухана үшін магнитті-резонанстық томограф жабдықтарын сатып алуға жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге қаражат бөлінеді.
Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы аяқталуда. Бұған жергілікті бюджеттен 608,4 млн. теңге көзделген;
Әуезов ауданындағы № 16 қалалық емхананы сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Қалалық кардиологиялық орталықты қайта жаңартуға 600 млн. теңге жоспарланған.
Сондай-ақ, депутаттар комиссияларда Қалалық кардиологиялық орталық үшін жалпы сомасы 145,2 млн теңгеге ангеографа сатып алуға қаражат қарастыруды ұсынды.
Жедел жәрдем орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы аяқталуда, оған жергілікті бюджеттен 608,4 млн теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, 8 денсаулық сақтау нысанын салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге 197,8 млн теңге сомасына қаражат көзделген.