Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Үйде екі отбасы болған, шатыр опырылып түсті": Зә...

"Үйде екі отбасы болған, шатыр опырылып түсті": Зәкиева оқиғаның жай-жапсарын айтты

Оқиға 18.11.2025, 10:01 515
"Үйде екі отбасы болған, шатыр опырылып түсті": Зәкиева оқиғаның жай-жапсарын айтты
Рixabay

Түркістан облысында 12 адам, оның ішінде 9 бала қаза тапты. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева болған жағдайдың егжей-тегжейін бөлісті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Өңірлік уәкіл Психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірге оқиға орнына барды.

"Үйде екі отбасы болды - ата-аналар мен балалар. Өрт шығып, шатыр опырылып түсті", – деп жазды Зәкиева Instagram-дағы сторисінде.

Облыстық полиция департаментінде "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайы 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 қарашада таңертең Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер келген сәтте үй толықтай өртке оранғаны анықталған. Өртті сөндіру және барлау кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

"Үйдің ішінен 12 адамның мәйіті табылды, олардың тоғызы – бала", – делінген ТЖД хабарламасында.

Көршілердің айтуынша, оқиға болған үйде қонақтар болған, себебі алдыңғы күні үй иелерінде іс-шара өткен. Өрт 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Қазір оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, тергеу басталды.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы #өрт #өлім #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика